Цифрлық даму министрлігі өкілдері Сиэтлге (АҚШ) барып, "Boeing" ұшақтарын құрастыру өндірісімен танысты. Кездесу барысында қазақстандық авиакомпанияларға ұшақтар жеткізу мәселелері талқыланды.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс үшін алғашқы Dreamliner ұшағын жеткізу 2025 жылдың соңына қарай жоспарланған.
Dreamliner жолаушылар ұшағын жеткізу Қазақстанның әуе флотын нығайтуға және елдегі әуе тасымалы деңгейін арттыруға бағытталған.
2025 жылдың соңына қарай Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашылады
