Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының мәліметінше, 2022 жылдан 2023 жылға дейін жұмыс істеген BreachForums форумының зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді және ұрланған деректерді сатумен айналысқаны анықталды. Форумда Қазақстаннан 15 хакер тіркелгені белгілі болды.
Тараған деректер 2022 жылдың 29 қарашасына дейінгі барлық ақпаратты қамтыған. Тарап кеткен деректердің ішінде қазақстандық ресурстардың да ақпараттары табылды:
қызмет көрсету станциясын басқару базасының таралуы — Ресей мен Қазақстан — SQL резервтік көшірмесі, қолжетімділік және SCADA;
Spark көлік-логистикалық компаниясының деректері;
Шәкәрім атындағы университеттің студенттері мен талапкерлерінің деректер базасының таралуы;
2022 жылдың 24 маусымындағы B2B 2GIS Қазақстанның толық деректер базасының таралуы;
Қазақстан мен Ресейдегі Yandex Food пайдаланушыларының деректерінің таралуы;
2021 жылы Қазақстан мен Ресейдегі Fonbet букмекерлік компаниясының пайдаланушыларының деректерінің таралуы оқиғасы тіркелген.