Munarmedia.kz 20.02.2026 /Astana/ 2025 жылы Ресей порттары арқылы қазақстандық көмір мен астықты шетелге жөнелту көлемі айтарлықтай артты. Бұл туралы Қазақстан темір жолы мәлім етті.
Компания дерегіне сәйкес, есепті кезеңде Ресей аумағындағы порттар арқылы Қазақстаннан жеткізілген 11,7 млн тонна көмір экспортталған.
↗ Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,222 млн тоннаға немесе 38 пайызға артық.
Сондай-ақ аталған кезеңде Ресей порттары арқылы қазақстандық астықтың 0,526 млн тоннасы сыртқы нарықтарға жөнелтілген.
↗ Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,133 млн тоннаға немесе 34 пайызға жоғары.