Абай облысында Ресей шекарасына дейінгі 111 шақырым жол толық жөнделді

61


Munarmedia.kz-10.11.2026ж/Астана/-Абай облысында «Семей – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 111 шақырымдық бөлігі толық жаңартылды. Бұл бағытпен тәулігіне 1 650-ден астам көлік жүреді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жөндеу жұмыстары үш учаскеде жүргізілген. Мамандар асфальттың төменгі және жоғарғы қабаттарын жаңартып, жол жиектерін нығайтқан. Сонымен қатар су өткізетін құбырлар ауыстырылған.

Нәтижесінде жолдың нормативтік техникалық жағдайға сәйкестігі 2024 жылғы 40 пайыздан 100 пайызға дейін көтерілген.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін трассаның бойына малдың жолға шығуына кедергі болатын 10 шақырым қоршау орнатылды. Бұдан бөлек, екі жаңа аялдама павильоны мен демалыс алаңы пайдалануға берілді.

Бұл жолдың жаңаруы Бородулиха ауданы үшін де маңызды. Жоба ауданның көлік қатынасын жақсартып, кәсіпкерлік, жүк тасымалы және жол бойындағы сервистің дамуына мүмкіндік береді.

#АбайОблысы #ЖолЖөндеу #ҚазАвтоЖол #Қазақстан #КөлікИнфрақұрылымы