Қазақстан шекарасында бір айда 2,1 млрд теңгенің заңсыз жүгі тәркіленді

73


Munarmedia.kz-10.11.2026ж/Астана/-Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері қазан айында 3,3 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстады. Олардың 2 791-і – шетел азаматтары.

Бір ай ішінде шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізуге қатысты 1 267 деректің жолы кесілген. Тәркіленген тауарлардың жалпы құны 2,1 млрд теңгеден асады.

Сонымен қатар Каспий теңізі акваториясында браконьерліктің 119 дерегі анықталды. Заңсыз балық аулауға арналған 88 шақырым ау және басқа да құралдар, сондай-ақ 933 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Оның жалпы саны – 187 дана.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген шаралардың нәтижесінде мемлекетке келуі мүмкін 413 млн теңгеден астам залалдың алдын алған.

Аталған деректер бойынша Шекара қызметі өз құзыреті шегінде 47 қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

#Қазақстан #ШекараҚызметі #ҰҚК #Каспий #Браконьерлік #ЗаңсызТауар