Munarmedia.kz-11.11.2026ж/Астана/-Абай облысының Жарма ауданында тиісті рұқсатсыз алтын өндіріп келген топтың заңсыз әрекеті әшкереленді.
Оқиға орнынан тереңдігі 15 метрге жететін карьер анықталған. Сондай-ақ құрамында алтын бар кен салынған жеті қап, екі тиегіш техника және бір экскаватор тәркіленді.
Тексеру барысында алтын аралас кеннің ашық әдіспен өндіріліп, кейін арнайы жабдықтардың көмегімен жуылғаны белгілі болды. Заңсыз қазып алынған тау жыныстарының көлемі 12 мың текше метрден асқан.
Ал бұл әрекеттің салдарынан 4 мың шаршы метрден астам аумақтағы топырақтың құнарлы қабаты бүлінген.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде заңсыз алтын өндіруге қатысы бар тоғыз адам анықталды.
#АбайОблысы #ЗаңсызАлтынӨндіру #Экология #ЖармаАуданы #ТабиғаттыҚорғау