Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

А.Байжұмаұлы. Ортақ тарих, ортақ тілге жол жоқ!

144


 

Ресейдің ТМД елдерінің ортақ тарихын жазу туралы Ресей президентінің ұсынысы көптің көңілінен шықпады. Қазақ елі тәуелсіздігін алып, 300 жылдық Ресей бодандығында және Кеңестің идеологияның құрсауында  болған ел 30 жылда етек –жеңін жинап, ел тарихын түгендеп, ана тілін, ата-салтын жаңғырта бастағаны ресейлік билікке ұнамады. Осы жолғы Владимир Путиннің сапары Қазақстанға идеологиялық экспаниясы жүргізу бағытында болды. Иа, 7 мың шақырым ортақ шекарамыз бар. Экономикалық тұрғыдан байланыстымыз. Алайда идеологиялық тұрғыдан байланыспауымыз керек. Тілінен, тарихынан айырылған жұрт түбінде құриды. Кеше Путин баспасөз мәслихатында біздің мемлекет басшыларын бақырайтып тұрып басынды.

«Қазақстан орыстілді мемлекет» деді. Біз көпэтносты мемлекетпіз, Әрқайсысының тіліне, дініне, салт-дәстүріне құрметпен қараймыз. Алайда біз орысқа қаны мен жаны жақын Белорусь емеспіз. Оның да билігі болмаса, халқы орыспен байланысқысы жоқ. Украинаға жасап жатқан әділетсіз соғыстан кейін, Ресей билігіне деген құрмет ешқандай халық та жоқ. Ол аз болғандай Путин қаймана қазақтың көп орналасқан мекені оңтүстік өңірлерді орыстілді мектептер ашу туралы "Ресей Қазақстанда орыс мектептерін салуды және орыс тіліндегі білім сапасын арттыруды қолдайды. Таяуда Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңа орыс мектептері салынады деп сенеміз", – деді.

Қазақстанда орыс тілді мектептердің үлес салмағы Орта Азиядағы елдермен салыстырғанда әлде қайда көп. Қазіргі таңда билік органдарынан бастап, квазисектор, жеке секторлардың барлығы орыс тілінде қызмет көрсетеді. Іс –қағаздар орысша әзірленіп, қазақшаға аударылады. Тіпті Үкімет жиналыстары мен барлық әкімдіктердің жиналысы орыс тілінде жүргізіледі. Аралас мектептер мен орыс тілді мектептердің түлектері қазақстандық орта және джоғарғы оқу орындарында емес, Ресейдің оқу орындарында төрт жыл оқып, иедологиялық дайындықтан өтеді. Жақында Ресейдің 50 жоғарғы оқу орнының басшылары Қазақстанға келіп, жастарды өз университеттеріне шақырып кетті. Мұның барлығы идеологиялық экспансия. Егер Путиннің бұл жоспары жүзеге аспаса соғыс болары сөзсіз.

Қазақ деген ел болмаған, мен оның негізін қаладым деген алжыған шалдың сандырағын бетке ұстаған орыс қазақтың 500-жылдан астам тарихын, одан әрі Алтын орданың заңды мұрагері, Жошыдан тарайтын ұлы империя екенімізді мойындамай келеді.

Онсызда тарихымызды талқандап, қолдан жасаған орыс билігінің басты мақсаты қазақ  тарихын жоққа шығару.

Шынын айтайын, Назарбаевтың тұсында болмаған сұмдықтар болып жатыр.

Тіптен еркінсіп кетті. Экономикамызды толық жаулағаны аздай, рухани қазынамыз тілімізге, тарихымызға ортақтаспақшы.

Мұның барлығы уысынан шығып бара жатқан Орта Азия елдеріне өшіп бара жатқан "русский мирін" тықпалау.

Орыс тілін қолдау және қорғау, үш орыс тілді мектеп салу, ортақ тарих жазу, АЭС салу  бұл енді шектен шыққандық.

Тілімізге, тарихымызға ортақтасуға ешкімнің құқы жоқ.

Бұл биліктің емес халықтың мұрасы. Одан қолдарыңды тартыңдар! Тіпті ойлаушы да болмаңдар.

Ал осындай бүлыңғыр істі қолдағанның барлығын "ұлт сатқындары" деп есептеу керек.

Ресей тіпті түркітілдес елдер одағына мүше болуды да қалайды екен.

Орта Азияның бес мемлекетінің  Түркияның ықпалында кетіп, "Тұран" одағы құрылудан қорқатын Ресейдің басты мақсаты бес елді өзінің экономикалық, саяси, идеологиялық тұрғыдан уысында ұстау. Бұл жұмысқа мықтап кірісті.

Ал АЭС салуға қарызға ақша беріп, сол қарызға берген ақшасына өздері салып береміз дегені де сасық саясат. Біздің Президент мұның барлығын саралап, біліп отырған шығар. Тығырықтан шығар жол табар деген ойдамын. Ұлт пен елді қорғайтын кез-келген шешіміне  қазақ халқы қолдау көрсетеді деп ойлаймын.

Ең бастысы Ресеймен 300 жылға жуық астам бір шаңырақта өмір сүрген қазаққа еш жақсылық әкелмегенін ескерсе екен деймін.