Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Абылай хан кім үшін соғысты, немесе Бурабайдағы Абылай алаңы кімнің иелігінде?

150

✍️ Бізде бәрі жақсы,
бәрі ғажап. Бірақ, шешілмей жатқан түйткілді мәселелер шаш етектен, оларды шешу үшін бұқара мен билік ортақ бір диалогқа келуі керек. Президент «Еститін Үкімет» қалыптастырып жатырмыз дейді. Құп, сонымен Еститін Үкімет назарына мынаны үшбу хат ретінде жолдап отырмын. Ақиқат айтылмаған жерде, халық әбігерге түсе береді, күйзеле береді, бұлқына береді, жұлқына береді, ашына береді.
***
Абылай -хан! Атынан айналайын, аруағынан айналайын Рухты Бабам!
Қайдан білдіңіз, дәл осылай ұрпағыңыз өксіп, Сіз қорғаған байтақ жеріңіз жекенің қарамағына өтіп, сосын кім көрінген билейтіндігін. Барлық әлеуметтік желі қатты шулап жатыр. Әсіресе, Бурабайдағы Абылай алаңы жайлы. Күн сайын, сағат сайын, минут сайын менің жеке поштама, уатцабыма келген сұрақтарға не жауап берерімді білмей отырмын. Әу дейін десем, бұл Абылай алаңына өз басым, көптен барған да жоқпын. Жайлы орын, жақсы жалақы алатындар баратын шығар, қызықтайтын шығар, ақиқатын айтайын іргемде тұрған Бурабайға жылына бір барам, оның өзі жұмыспен ғана арнайы қыдырып, тамашалап барған емеспін.
✔️Ә, айтпақшы барғанмын, күзде, ел кеткен соң, бозқырау түскен соң, сонда көрдім, жердің көбі жекенің құзіретіне беріліпті «кіруге болмайды!» деп айқайлатып тақтайша іліп қойғандығын.
Фейсбук парақшама салып едім, суретке түсіріп, сол кездегі ауданның №1-ші бастығы хабарласып, қаншама өкпесін айтып, тіпті эмоцияға берілгенді. Баяғы Бауыржан мен Рахымжан аталарына көше беруге қарсы шыққан бәлекейді айтам. Есігі көше, төрі базар болғандар кеп, ел басқарады, ақыл айтады, данышпансиды, тіпті мұрындарын көтеріп, төбеңізден қарайды, мұндайда жарықтық абыз Абай атамыздың «бас-басына би болған» дегені еске түседі, күйінесің, ашынасың, қарадай жүйкең жұқарады, қайтесің хан сыртынан жұдырық деп ақыры тоқтамға келесің.
Жә, жарайды «екі сиыр асыра, айран ұйт, базарға сат» деп ақыл берген данагөй ақсақалымыздың тұсында жарықтық Бурабайдың жері кімнің еншісіне, кімнің меншігіне түспеді. Талай қалталылар алды да, жеке құзіретіне мөрлеп, таңбалап түсіріп алды. Бұл жерде қайран баһадүр бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп, осы «шұлығы шуаш» байлар үшін соғысқандай, бәрі жекеге өткен. Тіпті, кейбір көлі бар жерлердің барлығының қожайыны бар. Кімдікі екен деп ақырын сұрастырсаң-Бәленшенікі, оның баласыныкі,қысқасы «майлы жілік ұстағандардың барлығы» осы Бурабайдан ойып тұрып жер алғып алған.
«Есту бар, білу бар, қорқыту бар» деген атам қазақ, осыларды естіп отырып, төбе шашыңыз тік тұрады. Тұтастай жерге (қалталылар) иелік етіп отыр, бұл түбі қасіретке әкеп ұрындырмай ма? деп, сосын билік басындағы жақсы ағаларды ойландырмай ма деп.
Президент Қ. К. Тоқаев өткенде Үкіметтің кеңейтілген жиналысында ашық айтты «кадр мәселесі жайлы», шетелге кеткен активтер туралы да айтып, оларды қайтарып ел игілігіне жарату керектігін билік басындағылар мен қосшыларға -ымдады. Жалпы, шетел асқан активтермен бірге, жең ұшынан әркімнің жекесіне өтіп кеткен жерлерді де қайтарып алып, елдің халықтың игілігіне жарату керек, соған уақыт жетті. Бұл жер алдымен мемлекеттікі, сосын мемлекеттін негізі болып табылатын халықтікі.
👋✔️✍️Жарайды, бұл тақырыпқа алдағы уақытта тағы да бір айналып соғармыз. Бурабайдағы Абылай алаңынан туристерді қарсы алатын, кәсіпкерлерді қуып жатыр деген ақпарат қазіргі таңда барлық әлеуметтік желінің бетінде құйындай шарлап жүр. Қайда кірсеңіз де белсенді азаматтар осыған алаңдап сұрау сап, жан-жаққа, жоғары жаққа жіберіп жатыр. Видеолар тобымен әрбір чаттоптарда, әртүрлі парақшаларда тарап жатыр.
Күні кеше «Бурабай Даму» басшысы я қосшысы П. Горбачевқа хабарластым (нөмерін тауып ап). Анық-қанығын білейін деп. Ол «бастық біледі...» деп кешке хабарласады деп сендірді. Сол күні басшысынан да, қосшысынан да хабар болмады. Ақыры ертеңіне тағы хабарластым. Үнсіз, тілсіз жатқан соң «хабарласады Сізге...» ,-деді қысқа -нұсқа. Баспасөз хатшысы хабарласты. Уатцабыңда «Айганым Галымовна» деп жазылып тұр екен.
Екі -үш сұрақ қойдым. Осылай да, осылай маған ақпарат берсеңіз деп.
-Иә,ресми ақпарат береміз, негізі блогерлер келіп түсіріп кеткен соң, бағаны баяғыша қалдырған едік,-деді. Нақты ресми ақпаратты кешке дейін Сіз-ге жолдаймыз,-деп Айғаным ханым сендіріп жауап берді.
📞☎️📱Бүгін яғни 31.01.2025 жылы таңғы 10:33 -те қайта хабарластым.
Ол кісі Баспасөз хатшысы жиырма минуттай ойланып барып мынандай смс жіберіпті
📱«Қазіргі уақытта біз жағдайға қатысты түсініктеме беруге дайын емеспіз, себебі кәсіпкерлердің өтініштерін мұқият зерттеп, қарастырудамыз. Жақында біз өз позициямызды жариялаймыз. Барлық сұрақтарға түсініктеме алу үшін жоғары басшылықтың жауабын күтуіңізді сұраймыз. Аз уақыттан кейін қажетті ақпаратты береміз»,-деп.🤳🤝
Сірә, гугыл апама салып аударған білем, ресми тілден.Тілі жұтаңдау.
✍️Айналайын-ау, бұл мәселе үлкен резонансқа айналғалы айдан асып кетті. Осы жерден нәпақа тауып отырған кәсіпкерлердің жан шырылы тіпті жоғарыға да жеткен болар, жетті ғой «жел болмаса, шөп басы қимылдамас» деген атаң қазақ.
Әрі созып, бері созып сөзбұйдаға салып қашанға «мысыққа -ойын, тышқанға -өлім» қыла бермексіздер?
Нақты айт « жағдай былай иә... осылай болды» деп. Әйтпесе, елді шулатып қойып «әлі бұл мәселені шешкен жоқпыз» деп сызылуы қызық екен!? Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді деген әлде осы ма?
🏪🏬«Бурабай Даму» деген дардай аты бар, пілдей мекеме күні бүгінге дейін ресми ақпарат бере алмай, сөзбұйдаға салып, жергілікті кәсіпкерлерді абыржытып әлде сыртынан күліп, соған ырза боп отыр ма деп ойлайсың.
Негізі «Бурабай Даму»-дың не дамытып жатқандығын өздері ақпарат берсе айтар, айтпаса тағы өздері білер.
Әйтпесе, осы мекеме осы төңіректі дамытып, гүлдендіріп жатыр дегенді өз басым естіген жоқпын. Әйтеуір аты зың, атауы дың. Бурабайға жазғы маусымда барсаңыз аяқ алып жүре алмайсыз. Ұлы сөзде ұят жоқ, әжетке кірсеңіз де ақша, суға түссеңіз де ақша, қысқасы қалтаңызда қара-құра ақшаңыз болмаса «өлдім» десеңіз де Сізге ешкім Сізге қарамайды. Тегін дүние жоқ...
Сонда бұл мекеме Абылай алаңына иелік етіп, содан ақша тауып, аз-мұз күнкөрісін айырып отырғандарға қожалық жасағаннан басқа не бітіріп отыр екен? Туристік аймақты қайта дамытпай ма?
Артқа сүйремей!
Қысқасы жасандылықтан, типтендіруден, өтіріктің схемасынан шығып, нақты жұмыс істейтін уақыт келіп жетті. Бурабайды Ұлы Абылай мөлшерлі сфераға енетіндер үшін ғана қорғамаған шығар. Алты алаштың баласы үшін қорғады, осы жерді Ұлы Ордасы қылды, қырық сегіз жыл хандық құрды. Енді кеп, әркім би, әркім қожа бола қалды.
🇰🇿🇰🇿Бүйте берсек, туристік аймақтың құны да, қадірі де қалмайды. Тек байлар барып саф ауасын жұтып, рақаттанса, қалтасында қара бақыры жоқ қараша халық, сыртынан телміріп қана отыра ма, бұл жағы тағы белгісіз. Айтпақшы бұл мәселені күн тәртібіне қоямыз. Жер бөтендігі емес-Қазақтікі, халықтыкі. Демек, халық та игілігін көруі қажет.
АЙТЫЛМАЙ ҚАЛҒАН СӨЗДЕН АЙТЫЛЫП ҚАЛҒАН СӨЗ ДҰРЫС!
АҚИҚАТЫ ОСЫ!