Әділетхан Молдахан есімді заңгер-блогерді полиция ұстады.

43

Munarmedia.kz 31.03.2026 /Astana/-Қазнетте танымал құқықтанушыға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ведомствоның баспасөз қызметі күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі кейбір парақшаларда бұл жағдай Әл-Фараби даңғылы бойында болған жол-көлік оқиғасымен байланыстырылып отыр. Мәліметтерге сәйкес, блогер аталған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оның видеосы желіде кең таралған. Бұл қоғамда түрлі пікірталас тудырған.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша барлық мән-жайларды құқық қорғау органдары анықтап жатыр.