Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АЭС туралы референдум: өзбектер шах, қазақтар мат қоймақ

75


Өзбекстан Росатоммен келісім рәсімдеп, Жизақ облысында 330 Мвт қуаты бар шағын АЭС тұрғызатын болды. Қырғызстан билігі де АЭС бойынша нақты шешім қабылдап, енді Ресеймен қаржыландыру бойынша жасырын келіссөздер раундын жүргізуде дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Кремль тарапынан Қазақстанға "АЭС мәселесін тым созып кеттіңдер. Олай отыра берсеңдер Өзбекстаннан қалып қаласыңдар" деген месседж келген. Бірақ біздің тараптың өз ойлағаны бар болып шықты.

Қазақстан болашақта Росатомға санкция салынса, өзін үлкен тәуекелге жығып беретінін түсініп отыр. Бірақ АЭС те керек.

"Біздің көпвекторлы саясатымызға сай, атомда да осы жол ұсынылып, ол ішкі отырыстарда талқылануда. Идея жақсы. Ол - Курчатовқа салу үшін өзбектердегідей шағын АЭС-ті Росатомға, ал Балқаштағы негізгі үлкен АЭС-ті Франция немесе Оңтүстік Кореяға беру", - дейді, дереккөз.



Росатомның кішкентай АЭС-і қымбат емес. Шамамен 1,5 миллиард доллар болуы тиіс. Оны Қазақстан Ресейге қарыз болмай, тікелей сатып алуға мүдделі. 1,5 миллиард доллар төлеуге барлық мүмкіндік бар.

Әңгіме үлкен АЭС-те. Ол қымбат. Бізге керек 4 энергоблогымен, кемінде 4800 Мвт беретін АЭС 15-16 миллиард долларға тартады. Ондай ақша жоқ. Сондықтан Қазақстан Франция мен Кореяның қайсысы ВОО қаржыландыру системасына келіседі, сол тараппен жұмыс істеуі мүмкін.

ВОО қаржыландыру жүйесі (Build – Own – Operate = Сал – Басқар – Жүргіз) атом компаниясының АЭС-ті өз ақшасына түрғызуына негізделген. Яғни өз ақшасына салады, өздері жүргізеді, және тапсырыс беруші мемлекетке нақты бекітілген тарифпен электр энергиясын ұзақмерзімді контракт негізінде сатып отырады. Мысалы, Франция біздегі Балқашта АЭС-ті осы ВОО жүйесімен салса, ол атом станциясы ресми түрде француздардың меншігі болып қала береді.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан жақсы вариант тапқан сияқты. Енді Франция немесе Оңтүстік Кореяның бірін көндіру ғана қалды. Ал Росатом шағын модульді АЭС жобасын өткізгеніне риза болатыны анық. Осы арқылы Қазақстан геосаяси сұрақты да, энергоқауіпсіздік мәселесін де, "жасыл" энергетиканы да оңды реттейтін болады.

https://t.me/dalainside