Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АҚШ-тың бұрыңғы президенті Барак Обама Камала Харристің кандидатурасын қолдап сөйледі

62


 

АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ-АҚШ-та сайлау науқаны ерекше қарқынмен жүргізілуде. Расында АҚШ-та өтетін сайлауға барлық мемлекеттер көз тігіп отыр.

 Себебі әлемдің саяси –экономикалық процесстердің барлығы АҚШ-тың қатысуымен өтетіні белгілі. Тіпті қазіргі таңда болып жатқан Ресей-Украина, Палестина –Израиль қақтығыстары да АҚШ-тың қолдауымен өтіп жатыр. Әлемдегі миллиардтаған адамдардың тағдырымен ойнаған саяси билік өкілдерінің басты –мақсаты демократиялық принциптерді орнату.

Алайда ортақ салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті жоқ, алты құрлықтың халқынан құрылған Американың басқа жолы да жоқ.

 Ал мыңдаған жыл тарихы бар, қалыптасқан салты, ортақ  діні, тілі, мәдениеті мен тарихы бар мемлекеттер үшін Еуропаның танып отырған»демократиялық принциптері» бір жолда толық қабылдай слауға келмейтін үрдіс екені белгілі.

Кесірлі Кеңес Үкіметі құрған Коммунизм атты торға жетпіс жылдай қамалып, әзер құтылған Орталық Азия, Еуропаның бірқатар елдері үшін демократия сөзі айтуға қорқынышты, қабылдауға келмейтін үрдіс екені белгілі еді.

 Сондықтан да АҚШ-та биылғы жылдың қараша айында кім Президент болатыны аса маңызды. Барак Обама өз сөзінде «Біз Американы жарқын боашаққа жетелейтін адамды таңдаймыз.

Біз қауіпсіз, әділ, тең құқылы Америка құрамыз. Америка әлемдік полиция ролін ойнамайды. Америка мейірімділіктің мекені болу керек. Камала Харристе осыған сенеді.

 Трамп және оның бай достары «бір топтың пайдасы үшін  екінші топты құрбандыққа шалуға болады» деген принципті ұстанады. Трамп Америка үшін қауіпті адам. ОЛ мемлекетті өзінің жеке мақсатына пайдаланады. Америкалық демократияның басты ұстанымы-азаматтар жұмыспен қамтылып, таза ауа жұтып, таза су ішіп, балаларын еш алаңдамастан мектепке жіберетін ел болу.

 Осындай мемлекетті Камала Харрис пен Тим Уолц құрады деп сенемін. Америка өзінің жаңа тарих парағын ашуға дайын.

Америка бақытты өмірге талпынады. Мұның барлығы Камала Харристің басшылығымен жүзеге асады. Құдай, Американы сақтасын» деп аяқтады.