Al Jazeera: Газа секторындағы соғыста Израиль жағында 500-ден астам Орталық Азия азаматы болған

27

Munarmedia.kz 23.02.2026 /Astana/ Al Jazeera басылымының аналитикалық материалына сәйкес, Израильдің Газа секторындағы әскери науқаны кезінде шетелдік мыңдаған азамат ұрыс қимылдарына қатысқан.

Жарияланған деректерге сүйенсек, олардың қатарында Орталық Азия елдерінің 500-ден астам азаматы бар. Атап айтқанда, 264 адам Өзбекстаннан шыққандар екені айтылады. Олар бес түрлі этникалық топ өкілдері ретінде көрсетілгенімен, нақты қай ұлттар екені нақтыланбаған. Сонымен бірге олардың Израиль азаматтығына ие екені атап өтіледі.

Image

Бұдан бөлек, шетелдік әскери қызметкерлер қатарында 189 Қазақстан азаматы, 52 Қырғызстан азаматы, 31 Түрікменстан азаматы және 8 Тәжікстан азаматы бар екені көрсетілген.

Материал авторларының мәліметінше, шетелдіктердің бір бөлігі Израиль армиясында тұрақты негізде қызмет атқарады. Ал енді бір бөлігі қақтығыс шиеленіскеннен кейін елге арнайы келген.

Image

Image


Сондай-ақ жарияланымда егер шетел азаматтарының әрекеттері халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзу деп танылса, олардың ықтимал заңдық жауапкершілігі мәселесі де көтерілген.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай деректер аймақтағы қауіпсіздік, қос азаматтық, әскери қызмет және халықаралық құқық нормаларына қатысты талқылауларды күшейтуі мүмкін.