Ақмола облысының әкімі Макинск құс фабрикасының ұжымымен кездесті

12

Munarmedia.kz 23.02.2026 /Astana/

Ақмола облысының әкімі жұмыс сапары аясында Буландын ауданына барып, Макинск құс фабрикасының ұжымымен кездесті.

Өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік әлеуетімен танысып, ұжыммен бірге фабриканың алдағы даму перспективаларын талқылады. Әсіресе қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында 15 наурызға жоспарланған республикалық референдум мәселесі де сөз болды. Аймақ басшысы 2026 жылғы Конституция жобасы елдің әділетті дамуына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Image

Құс фабрикасының қызметкерлері өз кезегінде референдум өткізуді қолдайтындарын білдіріп, азаматтардың құқықтарын қорғау мен белсенді азаматтық қоғам қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Жұмыс сапары аясында өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыру және әлеуметтік мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы шаралар жалғасатыны айтылды.