Munarmedia.kz | 11.06.2026 | ASTANA Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың Ақмола облысына жасаған сапары барысында Бұланды ауданында қалдықтарды жинап, қайта өңдеуге жіберумен айналысатын жас кәсіпкер Бахтиярдың қызметімен танысты.
Кәсіпкер достарымен бірге егістік алқаптарынан, елді мекендерден және тұрмыстық қалдықтар орындарынан пластик бөтелкелерді, полиэтилен қалдықтарын, картон қағаздарды және химиялық заттар сақталған канистрлерді жинайды. Кейін оларды сұрыптап, престеп, Астана қаласындағы қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізеді.
Экологиялық тазалықты сақтауға нақты үлес қосып жүрген жас кәсіпкердің бастамасы қолдауға лайық екені атап өтілді.
– Қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру үшін осындай азаматтардың еңбегін бағалап, мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастырған жөн. Бұл Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаттарына толық сәйкес келеді, – деді Азаматхан Әміртаев.
Партия төрағасы «Байтақ» партиясы тарапынан экологиялық бағыттағы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.