Қараөзекте құлпынай өсіріп, омарта шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкер бар

77

Munarmedia.kz | 11.06.2026 | ASTANA Сапар барысында Азаматхан Әміртаев Бұланды ауданының Қараөзек ауылында болып, «Байтақ» партиясының белсенді мүшесі әрі аудандық филиал төрағасы Амангелді Советханұлының шаруашылығын аралады.


Кәсіпкер бірнеше жыл бойы Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп, құлпынай өсірудің заманауи технологияларын меңгерген. Қазіргі уақытта ол ауылдағы жеке шаруашылығында тамшылатып суару әдісі арқылы құлпынай өсірумен айналысады.

Жер көлемі шамамен бір гектарға жуық. Биыл шаруашылықтан 300 келіге жуық өнім алу жоспарланып отыр. Өткен жылы 600 келіден астам өнім жиналған.


Сонымен қатар кәсіпкердің ауыл маңында шағын омарта шаруашылығы да жұмыс істейді. Мұнда экологиялық таза бал өнімдері өндіріліп, жергілікті тұрғындарға ұсынылады.

Партия төрағасы шағын кәсіп иесіне табыс тілеп, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.


Айта кетейік, жуырда Бурабай ауданында өткен жиында Амангелді Советханұлы партия қатарына жаңадан қабылданған 60 азаматтың мүшелік құжаттарын тапсырған болатын.