Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ақмола облысының тұрғыны жоқ акцияларды сатып алып, 6 млн теңгесінен айырылды

24


Зеренді ауданының тұрғыны инвестицияларға қызығушылық танытып, алаяқтардың құрбанына айналды.

 Зеренді ауданының тұрғыны YouTube-та инвестициялар арқылы табыс табу туралы жарнаманы көріп, 6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды.

Ер адам жарнама көргеннен кейін платформада өз нөмірін қалдырған. Біраз уақыттан соң оған «кеңесші» қоңырау шалып, акция саудасындағы пайда туралы айтып берген. Жәбірленушіні арнайы қосымшаға тіркеп, платформада жұмыс істеу жолдарын үйреткен. Алғашқы 100 долларды салуға көндірген. «Менеджердің» айтуынша, екі күннің ішінде бұл сома 160 долларға өскен.

Шығарылған қаражаттың бір бөлігін көрсеткеннен кейін, ер адамның платформаға деген сенімі арта түскен. Салдарынан ол бірнеше банктен несие алып, 6 млн 484 мың теңгені 6 мен 21 қараша аралығында платформа шотына аударған. Алайда, қаражатты шешіп алмақ болғанда, аккаунты бұғатталып қалған.

Мұндай жағдайлардан қалай сақтануға болады:

Интернеттегі жылдам табысқа кепілдік беретін жарнамаларға сенбеңіз.

Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз.

Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз және инвестиция үшін несие алмаңыз.

Тек реттеуші органдар тексерген лицензияланған платформаларды пайдаланыңыз.