Munarmedia.kz 26.03.2026 /Astana/ — Ақмола облысының Шортанды аудандық сотында Амангельды Джахин ісі бойынша алдын ала тыңдау отырысы өтеді. Бұл туралы құқық қорғаушы Райгуль Садырбаева хабарлады.
Амангельды Джахин бұған дейін марафоншы Марат Жыланбаев ісінен кейін «Алға Қазақстан» партиясын құру бастамасын көтерген.
Ол 2025 жылғы 18 қарашада «экстремистік қызметке қатысу» және «экстремистік қызметті қаржыландыру» баптары бойынша айыпталып, қамауға алынған.
Айыптау нұсқасына сәйкес, «экстремизм» ретінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге шақыру, әлеуметтік саясатты дамыту туралы пікірлер айту, митинг өткізуге өтініштер беру (алайда олар келісілмеген), сондай-ақ «Алға Қазақстан» партиясының ұйымдастыру мәселелерін талқылау әрекеттері көрсетілген.
Ал «қаржыландыру» айыбы бойынша 2023 жылы Марат Жыланбаевқа 20 мың теңге аудару және белсенділердің біріне 49 мың теңгеден екі рет қаржы жіберу деректері келтірілген.
Қылмыстық іс сотқа 2026 жылғы 18 наурызда келіп түскен. Істі судья Райхан Оспанова қарайды.