Көкшетауда "Қара жорға" халық биін екі мыңнан астам ер адам билейді

77

Munarmedia.kz 26.03.2026 /Astana/ —  Ақмола облысының Кокшетау қаласында өткен Наурыз мейрамының жарқын сәттерінің бірі – «қара жорға» халық биінің жаппай орындалуы болды. Абылай хан алаңында ұлттық шапан киген 2 мыңнан астам ер адам — ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, еңбек ұжымдары, әскери қызметкерлер, спортшылар мен жастар бір ырғақта би биледі.


Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бұл би халықтың болмысын, дала еркіндігінің рухын бейнелейтінін атап өтіп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.


Бұған дейін өңірде ұлттық ойын бойынша да рекорд тіркелген — 1500 оқушы бір мезетте «бес асық» ойнаған.