АҚШ-тың федералдық апелляциялық соты бұрынғы президент Дональд Трамп енгізген тарифтерге қойылған тыйымды уақытша тоқтатты. Бұл шешімге дейін аталмыш тыйымды басқа сот қабылдаған болатын. Енді апелляция қаралғанша, баж салығы күшінде қала береді. Америкалық БАҚ хабарлауынша, бұл іс Жоғарғы сотқа дейін жетуі мүмкін.
Апелляциялық сот тараптарға маусым айының басына дейін өз ұстанымдарын жазбаша түрде тапсыруды міндеттеді, деп жазады Exclusive.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін АҚШ-тың Халықаралық сауда істері жөніндегі федералды соты Трамптың жаһандық импорт тарифтерін енгізу арқылы өз өкілеттігін асыра пайдаланғанын айтып, оларды бұғаттау туралы шешім шығарған болатын.
Үш судьядан тұратын алқаның шешімінде 1977 жылғы Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заң (IEEPA) президентке бүкіл әлемге баж салығын салуға құқық бермейтіні атап өтілген.