ЭКСПО-ның құрылысына бөлінген ақшаны жымқыруға қатысты атышулы іс қайта көтерілді.
Мәжіліс Бас прокурор мен Антикорға сауал жолдап, осы істе нақты кінәлі тұлғаларды анықтап, жаңа тексеріс өткізуді талап етті деп жазады Ertenmedia.
Бұған БАҚ-та жарияланған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасары Мұрат Омаровтың сұхбаты себеп болған. Омаров өз сөзінде қылмыстық істің қолдан құрастырылғанын, нақты кінәлілердің жауаптан тыс қалғанын атап өткен-ді.
Осыған орай, депутат Бәпи істің 500 томдық материалымен танысып шыққанын, бірнеше кездесу өткізгенін жеткізді. Ерекең Бас прокуратураға мына сұрақтарды қойып отыр:
– Кезінде ЭКСПО басшысына арнайы тағайындалған және «Қытай сөмкесімен бірнеше рет пара алған» жоғары лауазымды «кеңесші» кім? Оның аты-жөні неге әлі күнге дейін белгісіз?
– Неліктен сотталушылар бірнеше рет осы тұлғаның есімін атағанымен, тергеу мен сот барысында ол «анықталмаған тұлға» ретінде істен шығарылды?
– Сот үкімінен не себепті әлгі «анықталмаған тұлғаның» аты-жөні алынып тасталып, орнына Талғат Ермегияев дәлелсіз айыпталды?
– Пара берген және соның куәлігімен 23 адамның тағдыры шешілген «сенімді өкіл» кім? Неліктен оның тұлғасы әлі күнге дейін анықталмаған?
– ЭКСПО құрылысын техникалық-экономикалық негіздемесін жасаған «Rona LTD» компаниясының алған ақшасын шетелдегі офшорларға аударып отырғаны неге ескерусіз қалды?
Бәпидің бастамасынан кейін Антикордің «ЭКСПО-2017» қаржысын офшорға шығаруға қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, 2016 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесіне бөлінген бюджетті жымқырды деген айыппен 23 адам сотталған. Сот шешімі бойынша, ұлттық компанияның бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев жеке өзі және «анықталмаған тұлға» арқылы «Rona LTD» ЖШС-мен мемлекеттік келісімшарт жасағаны үшін 780 млн теңге көлемінде пара алған.
Жалпы алғанда, осы істің аясында 10 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты қолды болған. 10 млр