Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейдің мұнай экспортына жаңа салық салатынын мәлімдеді.

21


Егер Ресей тарапынан жасалған қателіктер салдарынан Украинада атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ Ресейдің мұнай өнімдеріне қарсы жаңа санкциялар енгізеді деп ескертті.

Ол Мәскеудің соңғы мәлімдемелеріне наразы екенін білдіріп, NBC News арнасына берген сұхбатында:
"Егер біз Украинадағы қантөгісті тоқтату үшін Ресеймен келісімге келе алмасақ, бұл – Ресейдің кінәсі. Сол себепті біз Ресейден импортталатын барлық мұнайға қосымша салық саламыз" – деді.

Ақ үй басшысының айтуынша, бұл шешім Ресейден мұнай сатып алған елдер мен компаниялардың АҚШ-та бизнес жүргізу мүмкіндігінен айырылатынын білдіреді.

Егер атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілмесе, бір ай ішінде АҚШ-қа импортталатын мұнай мен басқа да өнімдерге 25% көлемінде салық салынатынын да атап өтті.

Сондай-ақ, Трамп осы аптада Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын хабарлады.