Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Мен халқымның алдында адалмын» – ҰҚШҰ Бас хатшысы «ресейшілдік» айыптауларына жауап берді

102


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желілерде өзін «ресейшіл» деп айыптаған пікірлерге жауап берді. Қазақ тілінде сөйлеген ол әрдайым Қазақстан мүддесіне адал болғанын атап өтті.

"Дипломатиялық келіссөздер жүргізу – қылмыс па? Өз елімнің мүддесін халықаралық әскери кездесулерде қорғау – Отанға опасыздық па?" – деді Тасмағамбетов. Ол қазақстандықтарды желідегі ақпаратқа сын көзбен қарауға шақырды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстан әскері Украинаға жіберілуі мүмкін деген қауесет таралып, бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Тасмағамбетов бұл ақпаратты жоққа шығарды:

"Мен өз отандастарымды соғысқа жіберіп жатыр деген негізсіз әңгімеге қалай немқұрайлы қарауға болады?! Әрдайым сөзді контекстен жұлып алып, бұрмалайтын адамдар табылады. Мен тек халқымды парасаттылыққа шақырғым келеді: кез келген ақпаратты ақылмен қабылдайық."