АҚШ президенті Дональд Трамптың айналасындағы төрт лауазымды тұлға Украина оппозициясымен президент сайлауы туралы жасырын келіссөз жүргізген. Бұл жөнінде аты-жөндерін айтпаған Жоғарғы раданың үш депутаты мен АҚШ-тағы Республикалық партияның сыртқы саясат бойынша сарапшысы Politico басылымына айтты.
Келіссөз Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко мен бұрынғы президент Петр Порошенкомен болған. Онда Ресеймен атысты тоқтатуға келіскеннен кейін бірақ бейбітшілік келісім жасаспай тұрып Украинада президент сайлауын өткізу мәселесі талқыланған.
АҚШ Украина оппозициясымен сайлау туралы жасырын келіссөз жүргізген
