Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Украинаны қалпына келтіруге 524 миллиард доллар қажет

42


Ресей әскері басып кіргеннен кейінгі залалды өтеу және ел экономикасын қалпына келтіру үшін Украинаға 524 миллиард доллар қажет, бұл елдің 2024 жылғы ЖІӨ-сінен үш есе көп. Бұл бағалауды Дүниежүзілік банк, БҰҰ, Еуропалық комиссия және Украинаның үкіметтік сарапшылары жариялады.

Зардапты есептеу кезінде Ресейдің басқыншылығы басталған күннен 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезең қамтылған.

Бұған дейін шығын 486 миллиард доллар деп есептелген еді, алайда бұл көрсеткіш 7%-ға өсті. Ең көп зардап шеккен салалар – тұрғын үй, көлік, энергетика, сауда және білім беру. Атап айтқанда, елдегі тұрғын үй қорының 13%-ы немесе 2,5 миллион ғимарат қираған. Қираған инфрақұрылымды тазарту және қоқысты шығару үшін 13 миллиард доллар қажет.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль соғыс жалғасып жатқандықтан қалпына келтіру шығындары ұдайы өсіп келе жатқанын айтты.

Қазіргі таңда Украина үкіметі халықаралық донорлардың қолдауымен 2025 жылға арналған негізгі қажеттіліктерге 7,37 миллиард доллар жинаған, алайда тағы 10 миллиард доллардай қаражат қажет.

Болашақта келесі салаларды қалпына келтіруге ірі қаржы қажет болады:

  • Тұрғын үй секторы84 миллиард доллар
  • Көлік инфрақұрылымы78 миллиард доллар
  • Энергетика және кен өндіру саласы68 миллиард доллар
  • Сауда және өнеркәсіп64 миллиард доллар
  • Ауыл шаруашылығы55 миллиард доллар