Араб елдерінің басшылары Путин шақырған саммитке барудан бас тартты

58



Munarmedia.kz | 11.10.2025 | Астана Мәскеуде 15 қазанға жоспарланған алғашқы Ресей-Араб саммиті болмай қалды. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған Exclusive.kz хабарлайды. Лигаға мүше араб мемлекеттерінің басым көпшілігі Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруын қабылдамаған.

Аталған жиын Ресейдің 2025 жылғы сыртқы саяси күнтізбесіндегі маңызды шаралардың бірі ретінде қарастырылған. Кремль бұл саммит арқылы Мәскеудің араб әлеміндегі беделін көрсетіп, ең алдымен Дональд Трамп әкімшілігіне Ресейдің аймақтағы қолдаудан әлі де қағылмағанын дәлелдеуді көздеген.

Алайда шақырылған 22 ел көшбасшысының ішінде қатысуға келісім бергендер санаулы ғана. Олардың қатарында — Сирияның жаңа президенті Ахмед аш-Шараа мен Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Ахмед Абуль Гейт бар. Ал Таяу Шығыстағы ықпалды тұлғалар — Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед ибн Заид әл-Нахайян және Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси — Путиннің шақыруын қабылдамады.

Кремль саммиттің өтпей қалуын Газа секторындағы жағдайды реттеуге бағытталған "Трамп жоспарының" жүзеге аса бастағанымен байланыстырды. Bloomberg дереккөздерінің хабарлауынша, Ресей тарапы саммитті кейінірек өткізуге үміттеніп отыр.

Фото: Depositphotos


.