Данна Карагусова алғашқы қазақстандық ғарыш туристі

39



Munarmedia.kz 10.10.2025 /Астана/ Барша бала кезімізде бір армандайтынбыз – ғарышқа ұшу. Қазір ол арман шындыққа айналды, бірақ бұл – ешкімге қолжетімді нәрсе емес. Космосқа саяхат бағасы шамамен 500 мың евроны құрайды. Ал Қазақстаннан алғаш рет осы асқар тауды бағындырған – экс-депутаттың қызы, кәсіпкер әрі медиахолдинг негізін қалаушы Данна Карагусова болды.

Осы жылдың қазан айында ол Blue Origin компаниясының New Shepard зымыраны арқылы суборбиталық ұшуды жүзеге асырды. Бұл ғарыштық миссия 10 минут 21 секундқа созылды. Ұшу бағдарламасы космостық туризм аясында жасалып, бортта АҚШ пен Украинадан келген кәсіпкерлер мен инженерлер болды. Сонымен бірге бір жолаушы өзінің анонимдігін сақтап қалды.

Данна үшін бұл сапар — жеке табыстың ғана емес, Қазақстанның ғарышқа деген ынтасының да айғағы. Жерге оралған соң оны сүйікті ұлы күтіп алды.

Данна Карагусованың бұл қадамы – Қазақстандағы әйелдердің ғарыш саласына деген қызығушылығын арттыруға, жастарды ғылым мен технологияға тартуға күш береді. Ол тек жеке тұлға ғана емес, елінің өкілі ретінде, еліміздің медиа мен инновация саласындағы дамуына үлес қосқан адам.

Космикалық технологиялар мен туризм даму үстінде. Бұрын бұл мүмкіндік тек ғарыш агенттіктерінің аясында болған болса, қазір коммерциялық компаниялардың арқасында кез келген елдің азаматтары үшін қолжетімді бола бастады.

Қазақстандықтар үшін бұл – жаңа дәуірдің бастамасы. Алдағы уақытта елдің ғылым мен технология саласындағы жетістіктері артқан сайын, ғарышқа ұшу шындыққа айналатын күн де жақындай түседі.

Данна Карагусованың ғарышқа алғашқы туристік сапары – Қазақстан үшін мақтанарлық оқиға. Бұл – тек жеке жеңіс емес, ұлттық жетістік. Жұлдыздарға қол созудың жолы ашылған кезде, еліміздегі таланттар мен жігерлі жастар алдағы ұшулардың басты қаһармандары болары сөзсіз.