Munarmedia.kz-13.11.2026ж/Астана/-2027–2029 жылдары Өзбекстан Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың уақытша басшылық міндетін атқарады.
Осы кезеңде Өзбекстан Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған жалпы құны 3,3 млрд доллар болатын 133 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Жобалар су шаруашылығы, экология және әлеуметтік-экономикалық даму салаларын қамтиды.
Атап айтқанда, гидротехникалық инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын автоматтандырылған есепке алу және тиімді бөлу жүйесін енгізу көзделген.
Сонымен қатар гидрометеорологиялық көрсеткіштерді цифрлық бақылау жүйесі іске қосылады. Бұл су тасқыны мен құрғақшылық қаупі туралы халықты алдын ала хабардар етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қолға алынбақ.
Аталған бастамалар Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға және аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған.
#АралТеңізі #Экология #Өзбекстан #СуРесурстары #ОрталықАзия