ОСМС жүйесінде әрбір азамат ай сайын жалақысынан 2% жарна төлейді.
Жұмыс беруші де әр қызметкері үшін қосымша 3% аударады.
Бұдан бөлек, 15 санаттағы азаматтар бар: зейнеткерлер, балалар, студенттер және тағы басқалар. Олар үшін жарнаны мемлекет төлеуі тиіс. Заң бойынша — орташа жалақының 2%-ы көлемінде.
Ал іс жүзінде не болып жатыр?
• Азаматтар мен жұмыс берушілер жарнаны уақтылы төлейді.
Төлемесе — бірден жүйеден шығарылады, медициналық көмек тоқтайды.
• Ал мемлекет ше?
* Қаржы министрлігі жарнаны орташа емес, медиандық жалақыдан есептейді. Бұл — заң бұзушылық.
* Орта есеппен жүйе жыл сайын 250 млрд теңге жоғалтады.
* 2024 жылы тіпті осы азайтылған жарнаның жартысы ғана төленген.
* Соның салдарынан денсаулық сақтау жүйесі 2024 жылы 500 млрд теңгеден астам қаражаттан қағылды.
Бұл жай ғана сан емес. Осы қаражаттың түспеуіне байланысты:
• емханалардағы ұзын-сонар кезектер,
• қолжетімсіз анализдер мен дәрі-дәрмек,
• және уақытында көмек ала алмаған мыңдаған адам.
Сонда қалай болады?
Азамат төлемесе — жүйеден шығарылады.
Ал мемлекет төлемесе — ештеңе болмайды. Ешкім жауап бермейді.
Заң бәріне ортақ болуы керек.
Асқар Аймағамбетовтың фейсбук парақшасынан алынды.