Munarmedia.kz. 04.11.2026/ASTANA/-Ақмола облысында кеше Астана – Петропавл тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алып, комаға түскен полиция қызметкері ауруханада қайтыс болды.
Полицей басынан ауыр жарақат алып, Шортанды аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның төбе-самай сүйегінің бас сүйек негізіне дейін таралған сынуын, ми ісінуін, жедел субдуралды гематоманы және пневмотораксты анықтаған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кеше кешке дәрігерлер консилиумынан кейін зардап шеккен қызметкер санитарлық авиация арқылы Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Оған шұғыл ота жасалғанымен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады.
Жол апатына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
#АқмолаОблысы #ЖолАпатı #Полиция #АстанаПетропавл #ҚазақстанЖаңалықтары #Munarmedia