Munarmedia.kz 12.02.2026 /Астана/
Астана антисоғыстық ұстанымдағы, саналы түрде немесе кездейсоқ Қазақстан аумағына келген ресейліктерді экстрадициялау тәжірибесін жалғастырып отыр.
Бұл жолы Қазақстанның Бас прокуратурасы Ресей Федерациясының сұрауы бойынша Санкт-Петербургтегі Алексей Навальный штабының бұрынғы белсендісі Юлия Емельянованы экстрадициялау туралы өтінішті қанағаттандырды.
Оның адвокаты Мұрат Адам бұл шешімге қатысты Жоғарғы сотқа шұғыл түрде шағым түсіретінін мәлімдеді.
Юлия Емельянованы өткен жылдың қыркүйек айында ұшаққа ауысу кезінде әуежайда ұстаған. Содан бері ол тергеу изоляторында қамауда отыр.
Ресей тарапы оны такси жүргізушісінің телефонын ұрлады деп айыптап отыр.
Бұл істің астарына қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Сарапшылар Қазақстанның ұстанымы мен құқықтық шешімдеріне қоғам назар аударып отырғанын атап өтуде.