Munarmedia.kz. 03.11.2026. ASTANA-Астанада өзін жөндеу және жиһаз жасау саласының маманы ретінде таныстырып, тұрғындарды алдаған азаматқа сот үкімі шықты. Ол Instagram әлеуметтік желісінде тартпалы төбелерді орнату, жиһаз жасау және сату қызметтерін ұсынатыны туралы хабарландыру жариялаған.
Қала тұрғыны тапсырыс берушілермен келісімшарт жасап, жұмысты бастау үшін алдын ала төлем талап еткен. Ақшаны қолма-қол немесе банктік қосымшалар арқылы аударым түрінде алғаннан кейін клиенттермен байланысын үзген.
Осылайша ол 15 азаматты алдап, олардың жалпы сомасы 21 миллион теңгеден асатын қаражатын иемденген.
Мемлекеттік айыптаушы сот барысында айыпталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Осыған байланысты Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру кезінде сақ болуға шақырады.
Ведомство алдын ала төлем жасамас бұрын қызмет көрсетуші туралы ақпаратты тексеруге, тұтынушылардың пікірлерімен танысуға және нақты байланыс деректерінің бар екеніне көз жеткізуге кеңес береді. Сондай-ақ орындаушының сенімділігі расталмайынша ірі көлемдегі қаражатты аудармау қажеттігін ескертеді.
#Астана #Алаяқтық #Instagram #Сот #Прокуратура #Қауіпсіздік #MunarMedia