Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Асылбек Байжұмаұлы. Әлемде ядролық соғыс орын алуы мүмкін бе?

154


 

Қазіргі таңда әлемдегі ядролық соғыс қаупі бұрынғыдан да айқынырақ сезілуде. Әсіресе ядролық державалар арасындағы геосаяси шиеленістер мен ядролық қарулардың жаңартылуы қауіптің артуына себеп болып отыр. Мысалы, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасындағы Тайвань мәселесі, Иран мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардағы шиеленістер мен Солтүстік Кореяның ядролық қаруларды сынауы әлемде жаңа қауіптерді туындатып әлемді ядерлік қақтығысқа жақындатуда.

Әлемде ядролық қаруға ие 9 мемлекет бар: АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Пәкістан, Үндістан, Израиль және Солтүстік Корея. Әлемде барлығы 13,080 ядролық оқ-дәрі бар. АҚШ пен Ресей бұл қарулардың ең үлкен қорына ие, олардың әрқайсысында 5,550 және 6,257 ядролық оқ-дәрі бар. Басқа елдерде бұл сан әлдеқайда аз: Қытайда 350, Францияда 290, Ұлыбританияда 225, Пәкістанда 165, Үндістанда 156, Израильде 90 және Солтүстік Кореяда 50 ядролық оқ-дәрі бар.

Ядролық қаруды алғаш жасаған ел — АҚШ. 1945 жылы АҚШ Манхэттен жобасының аясында әлемдегі бірінші атомдық бомбаны жасап шығарды. Бұл жоба Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңінде жүзеге асты, оның мақсаты – нацистік Германияның атомдық қару жасауын болдырмау еді. Алайда, Германия жеңілген соң, атомдық қару жапондарға қарсы қолданылды.

 

1945 жылы 16 шілдеде Нью-Мексико штатындағы Аламогордо полигонында алғашқы атом бомбасы сынақтан өткізілді. Бұл сынақтың атауы — "Trinity" (Тринити). Сынақ адамзат тарихындағы алғашқы ядролық жарылыс болды.

Еікнші рет ядролық қару Жапонияға қарсы қолданылды.1945 жылы тамызда Хиросима мен Нагасаки қалаларында болды. 6 тамызда Хиросимада "Little Boy" деген кодпен танымал бомба жарылды, ал 9 тамызда Нагасакиде "Fat Man" деген екінші бомба қолданылды. Бұл жарылыстардың салдарынан жүздеген мың адам қаза тапты, және ұзақ мерзімді радиациялық әсерлерден көптеген адамдар зардап шекті.Жалпы алғанда Хиросимо мен Нагасакиде 200 мыңнан астам адам қазақ тауып, миллиондаған адам мүгедек болып қалған еді.

Содан кейін көптеген елдер ядролық қаруды дамыту мен сынақтар жүргізуді жалғастырды, бірақ 1963 жылы Ядролық сынақтарға мораторий енгізу туралы келісім жасалып, көптеген сынақ алаңдары жабылды.

Керісінше Кеңес Одағы Қазақстанда 40 жыл бойына ядролық қаруларды сынады. 1949 жылдан бастап, 456 ядролық сынақ жасалды, соның ішінде атмосферада, жер үстінде және жер астында жүргізілген сынақтар болды.

 

Ең алғашқы ядролық сынақ 1949 жылы 29 тамызда өткізілді. Бұл сынақтың салдары тек Қазақстанның Шығыс аймағында ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен жақын елдерде үлкен экологиялық және денсаулыққа зиян келтірді. Сынақтар жүргізілгеннен кейін радиацияның әсері аймақтың экологиясына, тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізді.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, Семей полигоны жабылып, 1992 жылы ресми түрде сынақтарды тоқтату туралы келісім жасалды. Бұл шешім Қазақстанның ядролық қаруға қарсы саясатының бір бөлігі ретінде қабылданды. 1993 жылы Семей полигонының жабылуы Қазақстанның бейбіт атом энергетикасы мен ядролық қарудан бас тарту жолындағы маңызды қадамы болды.

Ядролық қарулардың жаңа технологияның  дамуымен бірге жетілдіріп, көптеген елдер өздерінің ядролық арсеналдарын жаңартып, жаңа қару жүйелерін енгізуде. Бұл әсіресе гипердыбыстық зымырандар мен ядролық субмариндердің пайда болуымен байланысты. Мұндай қару-жарақтардың дамуы соғыс жағдайында тез арада шешім қабылдауды қиындатады. Себебі, сіз ойланып үлгермей қаласыз.

Бетін аулақ қылсын, алайда ядролық соғыс басталса  бүкіл әлемді қамтуы мүмкін. Өйткені ядролық қарулардың ауқымы мен тигізетін әсері орасан. Сондықтан да  соғыс басталған жағдайда тек белгілі бір аймақтар ғана емес, барлық континенттер зардап шегуі ықтимал.

 

Ядролық жарылыстар климаттық апаттарға алып келеді. Атмосферада күкірт тұманынан басталатын «ядролық қыс» бүкіл Жерді қамтып кетеді.

Сондықтан да Путиннің Еуропа мен АҚШ-қа қоқан-лоққы көрсетіп, ядролық қару қолдануымыз мүмкін деген сөзі әлем елдерін алаңдатты. Ресейдің ядролық соғысты бастау мүмкіндігі әлі де жоғары деңгейде  талқыланып жатқан мәселе. Әзірге ядролық қаруды қолдану сценарийі ықтимал болғанымен, ресми көзқарастар мен сарапшылар мұндай соғыстың орын алу ықтималдығын төмен деп санайды. Ресей басшылығы, әсіресе Украинадағы әскери қақтығыс жағдайында, ядролық қаруды қолданып қоқан-лоққы жасау арқылы батыс мемлекеттерінің араласуын болдырмауға тырысады. Бұл әдетте тек саяси қысым жасау мақсатында пайдаланылады, ал ядролық соғысқа шынайы өтуі «мүмкін емес»деп бағалануда.

 

Ресейдің ядролық қаруды пайдалану мүмкіндіктері үш негізгі сценарийде қарастырылады. Біріншісі — ядролық қарудыбарын білдіру, бұл Ресейдің өз күшін және аймақтағы  және жаһандық геаосаяси ойындарға қатысушыларға қатысушыларға ықпал ету үшін қолдануы мүмкін. Екінші —Украинаға қарсы бағытталған операциялар кезінде тактикалық ядролық қаруды әскери мақсатта пайдалануы мүмкін. Үшінші сценарий — ядролық қаруды толыққанды соғыс жағдайында қолдану. Сарапшылардың пкірінше, мұндай сценарийдің ықтималдығы өте аз өйткені оның әсері бүкіл әлемге теріс әсер етуі мүмкін.

НАТО құрамына кіретін елдерде соңғы кездері Ресей аумағында ядролық қарулар сақталған 150 нүктені бірінші болып шабуылдау арқылы жою туралы жасап жатқан мәлімдемесі де Ресейді сабасына түсіру қорқыту мақсатындағы әрекеттері деп есептейміз. НАТО-ның Ресейге бірінші соққы жасау ықтималдығы өте төмен. Жоғарыда айтқанымздай  бұл әлемдегі ең үлкен ядролық державалардың бірі арасындағы толық масштабты соғысқа әкеледі. Өздері асылатын арқанды өзі әкелгенмен бірдей. НАТО өз әрекеттерін көбінесе қорғаныс мақсатында шектеп келеді. Қазірдің өзінде НАТО-ның көзқарасы да әртүрлі болғандықтан Трамп билікке келген соң НАТО нақыт позициясын анықтап алады деп болжануда.

Алайда, халықаралық қатынастарда жағдай шиеленіссе, әскери қақтығыстардың алдын алу мүмкіндігі тек дипломатиялық және халықаралық келісімдер ғана екені белгілі. Қазақстанда кез-келген геосаяси шиеленстерді тек ғана дипломатиялық жолмен шешу қажет екенін айтып келеді.

Иә, мыңдаған адам қазақ болып, миллиондаған жан жарақаттанып, туған елін, жерін тастап кетіп жатқан қанды соғыстар әлем елдерін шарпып тұр. Қазірдің өзінде Израиль басқыншылары 50 мыңға жуық Газа секторындағы палестиндіктерді қырып тастады. Оның 70 пайызы әйелдер мен балалар. Оның үстіне Ливан мемлекетіне жасап жатқан израильдің соққысы да ауыр зардаптарға әкелуде. Ресей мен Украина арасындағы соғыс та екі жылдың ішінде екі тараптан да миллионға жуық сарбаздың қаза болуына және 20 миллионнан астам украиндықтардың босып кетуіне себепші болды. Сондықтан да кез-келген соғыс ең бірінші қарапайым халық үшін қасірет пен қайғы әкеледі.

Әлемде бейбітшілік орнасын деп тілейік!