Бір
сайлау аяқталып, келесі сайлаулардың кезегі де келгелі тұр. Сайлауға байланысты
кейбір ойымды халықпен бөлісуді жөн көрдім. 1996 жылы Моңғолияда алғаш рет
Демократиялық партия МҰҚ-да ауқымды орын иеленіп, өз үкіметін сомдап, жұмысын
бастаған жылдар оңайға соқпады. Мен ол кезде АЙМАҚТЫҢ Ұлттық демократиялық партиясының бастығын
істеп жүріп, ең үлкен министрлік деп саналаатын Ауыл шаруашылық, Өндіріс
министрлігінің мемлекеттік хатшысына тағайындалған едім.
Министрдің
тапсырысымен заң және басқа шешімдердің жобаларды
дайындап, ауқымды, ауыр істерді бастап кеттік. Социалист экономика системімен
құлдырап, нарыққа көшу үшін шетелден инвестиция тарту ең негізгі мақсаттың бірі
болды да алдымен жақын қатынастағы ел Жапониямен бизнес форум өткізуге сол
кездегі МҰҚ-дың мүшесі, тұрақты комитет бастығы
С.Зоригтың бастауымен аттандық. Бір күні кешкі кездесуде бірге барған моңғол кәсіпкер:
«Осы жолы демократтар жеңді емеспе?» деп сөзін
бастап еді. Сол сөзді іле Зориг былай дегені есімде: «Әлі жеңгеміз жоқ, бір рет
жықтық» деп сөзін жалғап басқа әңгімеге ауысып кетті. Осы сөзді мен сол кезде мағыналы сөз деп
байқамаппын. Содан бері көп жыл өтсе де « халық партиясы жеңді» дегенді көп
естідім, және басқа партиялар үнемі жеңіліп жүрғой деп ойлайтынмын. Кейде
аймақта жеңген партия сұмындарда жеңіліп жатады. Сонда біз жеңіс дегенді қалай
түсініуімізге болады деген ой мазалай беретін.
Тұтас халық үшін жеңіс деген талай ғасыр
немесе жылдардан кейін халыққа даңқпен
мәртебе әкелетін ұғым. Осындай ұлы жеңістер халыққа күш, жігер беріп, бірлігі
бекемдеп, рухани кемелденуінің негізін
салып, халық бір мақсатқа ғана бағытталған күш, қуаттың иесі бола біледі екен.
1912 жылы Шүршіт-қытайдың бұғауына қарсы күрес,
1921 жылғы халық төңкерісі жеңіс екені тарихтан белгілі. 1990 жылдары жалпы
халық социализмнен бас тартып, нарықтық экономиканы қолдауға күш жігерлерін
біріктіріп, нақтылы тіршілік етудің ыңғайлы жолын таңдағаны да халық рухани кемелденуіне жол ашқан ұлы жеңіс еді.
Ал, соғыс жағдайында бір жағы жеңіп, бір жағы
жеңіліп, жеңілген жақ жеңілісін мойындап, жеңілістен шеккен зардаптарының
орынын толтыруға қайтып жоламастай болып
бет бұратынын бәрімізде білеміз.
Біз де соғыс та емес, төңкерісте емес соңғы кездің
сайлауларында да жеңіс деген сөз жиі қолданылып келе жатса да жеңіс пе, жеңіліс
пе? Сонда халықты жеңген кім? Немесе бәсекелес үміткерін жеңді ме? Дегенге
ешкім тұғырлы жауап бере алмай жүр. Бізде «жеңдік», «жеңілдік» деген партиялар
сайлаудан кейін араласып, бір құрылтайда отырып, дұрыс-бұрыс істер істеп жататыны белгілі.
Сайлауға келсек социализм кезінде бір адамның атын
ғана ұсынып, ол кімді жеңгенінде білмейтін және жеңдім депте ешкім айтпайтын.
Жеңіс туралы анықтамалықты қарасаң жеңіс-жеке
бір тұлғаның табысын паш ететін сөз емес деп белгілепті. Құрылтайға
сайланған жеке тұлға ешқашан жеңіс иесі емес. Өте орынды. Осы сөзді моңғол халқы
ертеден орынды керектеніп келе жатқанға
ұқсайды.
Моңғол күресте жеңді деген болмайды, тек әр
кезеңде жықты, жығылды деген сөздерді керектенетіні өте орынды қолданба сияқты.
Неге десеңіз олар келесі күрестерде тағы кездесіп, бірі жығылып бірі жығып
жатады. Алма кезек дүниеғой. Сайлау да сол жеке тұлғалардың күресі. Келесі
сайлауда қайта кездеседі.
Жеңіс тұтас халықтың ұлы табыстарын паш ететін
өрелі ұғым дейді қандай анықтамалықтан оқысақ та. Бір сөзбен айтсақ Жеңіс-прогресс,
жетістік, табыс деген түсініктерді тұтастай қамтитын, аясы кең ұғым. Немесе
прогресс қоғамның немесе оның жүйешелерінің өрлеу сызығымен, кем жетілген күйін көбірек жетілгеніне, төменгі формалардан жоғарғыларына даму, жақсыға өзгеру;
Осыған бағытталған халықтың жетістігі, табысы Жеңіс болып саналады.
Ал МҰҚ-на мүше болу, АӨҚұрылына өкіл болу жеңіс емес, ол сайлану. Сіз халықты
жеңген жоқсыз, үміткерді де, басқа ешкімді де жеңген жоқсыз, олар сіз сияқты
халықтың болашағы үшін олардың табысы, жеңісі үшін ат салыспақ болған сіз
сияқты үміткерлер. Соңғы кезде радиодан
менің «жеңісі»ме пікір берген сайлаушыларға рахметін айту тағы бір дағдыға
айналып барады. Сонда сіз үшін пікір
бермеген халықты жеңдім деп ойлай бастағаныңыз ба? Жоооқ. Сайлаушы халық
жеңілген жоқ. Сіз жеңген жоқсыз, сіздердің айтқан таныстырған бағдарламаларыңыз
орындалып, халықтың жағдайы жақсарып, дамудың белгісі білінсе ғана халық жеңе
бастағаны. Орындалмаса сіз жеңіле
бастағаныңыз.
Сайлаудың алдындағы дүбірлі науқанда ойына
келгенін айта бастау партия үшінде, үміткер үшінде жеңілістің бір кепілі.
Мысалы биылғы Ұлы хуралдың соңғы отырыстарында бюджеттің шығысын мол пайызбен
түсіреміз деген партиялар оны керісінше молайтатын жоба жариялап жатқаны
ешқандай жеңіс емес, жеңілістің басталуы. Аймақ сұмында да дәл осындай
жағдайлар болып жататыны Жеңіс-дамыс дегенді әлі түсінбей жүргенімізден туындап
жатыр.
Қайсы бір партия жеңбейді, кейде жығылады, кейде
жығады, кейде итжығыс болады, осылай халықтың жеңісіне кейде бөгет болып, кейде аз болса да дамысқа
талпыныс тудырады екен.
Сайланудың мерзімі біткен соң халық бағасын келесі
сайлау арқылы береді. Сайлауда жығылғаны «мен бұрын да, осы жылдары да жақсы
жұмыстап едім. Мына сайлауда халық теріс пікір берді» деп халықты теріске
шығарып, жаңсақ түсінік тарата бастаса халықты дамысқа емес кері шегінуге (регресс)итермелейтін қауіпті құбылыс, еш жақсылықтың немесе
жеңістің белгісі емес.
Қазақ тілі бай тіл. Бірақ осы жеңіс деген
сөзді жеңіл пайдаланбаған жөн. Үміткерлерден тағы бір қателік кетіп отырғанын
халық ашық айта бастады. Осы «жеңіс үшін» жең ұшымен жалғасқан жемқорлық, жасырын
пара жеңіс әкеледі деген ұғым жалпыға «қалыптаса» бастады. Осы ұғымды жою үшін барлық халық атсалысса
қандай дұрыс талғам болар еді. Жеңісті парамен жемқорлықпен алған тарих дүние де аз. Біздің
аймақта осы бір індет ілбіп басып, ішімізге кіріп, ірі науқасқа айнала
бастағанын әр бір адам айтып отыратыны шындық. Оның дәлелі «сайлаудан бір күн
бұрын ақша жауады, соны байқастап отырамыз» деп сайлаушылар ащы шындықты ашық
әңгімелесіп отыратыын болды. Жемқорлық жеңіске жеткізетін жол емес халық мойныңа салынған аспа екенін, ол
халықтың жеңісіне бұғау болатынын ұғатын кез келді. Кешіктірсек
дамыс әкелетін мүше емес, дамуымызға көлденең бөгет болатын мүше, өкілдерді
сайлап, өз мақсатымызға өзімізде қарсы келетін кез келе жатқанын аңғарғанымыз
жөн болар.
Жеңіс деген сөзді сараласақ "өрлеу, даму, табыс,
жету" деген мағына беретінін ескере отырып Жеңіс үшін құрылтайға мүше, өкілді емес, халықты
жетелейтін дұрысжолды таңдасақ халқымыздың жағдайы, аймағымыздың дамысына тың
серпін бере алар едік. Ойланайық халқым, ойрандатуда, от басу да, оза шабуда,
оң шешім шығаруда сіздердің құзыреттеріңізде екенін еш қашан естен шығармасақ
Жеңіс қолдарыңызда түр.