Бішкекте 24 қазанда жоспарланған Түркі
елдері Ұйымының саммиті аса маңызды мәселелерді қарайды. Ұйымның құрылуына 15
жыл толуына орай, түркі елдері Үкіметбасыларының кеңесі құрылады. Соныиен бірге
түркітілдес елдердің бірыңғай әліппеге көші мәселесі де қаралады деп күтілуде.
Түркі елдерінің саяси, әлеуметтік, экономикалық бағытта бірігіуі көптеген
елдерге ұнамайды. Әсіресе посткеңестік бес мемлекеттің Орталық Азияда біріккен
саяси платформалар құрып, Түркі тектес елдермен басын қосып, мәдение, әдеби,
қорғаныс саласындағы байланыстарының күшейіп келе жатқаны көршілес елдерді
алаңдатуда.
Мысалға, 2023 жылы Түркі Академиясы
ожалпы білім беру мектептерінде оқытылатын «Жалпы түркі тарихы», «Жалпы түркі
әдебиеті», «Түркі әлемнің жағрафиясы» кітаптарын шығарды. 2022 жылы Әзербайжан,
Түркия, Қазақстан, Қырғыз мемлекеттерінің білім және ғылым министрлері «Жалпы
түркі тарихы» факультативтік сабағын 8 сыныптан бастап енгізу туралы
меморандумға қол қойысқан еді. Ресей басылымдары 2025 жылы Қазақстан
кириллица әліппесінен латынға ауыстыруы мүмкін десіп шулауда. Қазіргі таңда тек
Қырғызстан ғана латын әліпбиіне көші мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Алайда
2026 жылы Бакуде өтетін Жалпыодақтық түркология сьездінің 100-жылдығы
қарсаңында Түркі елдері Ұйымына мүше елдердің бірыңғай латын әлпбиіне көшу
мәселесіне нүкте қойылады деп күтілуде. 2023 жылы Түркияның Ғылым Академиясының
қолдауымен Түркияның «Манас» университеті жас ғалымдарға арналған түркологтар
лагерін ұйымдастарды. Ресейді шымбайына батып отырғаны Түркі елдері ұйымының
Бішкекте өтетін саммитіне Башқұрт пен Татарстан елдерінің өкілдерінің
шақыртылуы болып отыр. Қазіргі таңда түркі елдерінің жас кадрлары Анкара мен
Стамбулдағы жетекші университеттерде білім алуда. Саммит аясында Түркияда
төртінші «Манас форумы» өтеді. Әскери-саяси одақтастық аясында түркітілдес
елдерінің бірігуі және ортақ әліпбиге көше мәселесі Ресей мен Қытайдың басты
назарында. Түркітілдес ортақ тарихы, діні бар елдердің бірігуі алдағы уақытта
болатын әлемдік геосаяси қақтығыстар барысында бірлесіп қорғану үшін аса қажет
екенін белгілі. Сөз жоқ, көрші елдермен шекаралас болған соң сауда-экономикалық
қарым-қатынас жасаумыз қажет. Алайда, ел басына күн туғанда бізді кім қорғайды?
Біз кіммен бірлесіп ұлаңғайыр даламызды қорғап қаламыз деген сұрақ туындайды.
Қаны бір түркітілдес елдер біріксе миллиондаған әскери күш шығара алатын шамасы
бар екені белгілі. Сондықтан да біз қазақстан қоғамы ұрандатпай-ақ, еліміздің
латын әліпбиіне көше саясатын қолдауымыз қажет. Бұл алдағы мыңдаған жылдар бойы
бейбітшілікте өмір сүргісі келетін елдерге кепілдік болатын үлкен саяси маңызды
жоба екенін білгенміз жөн.