Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ақмолалық оқушы ақылды аялдама жобасын әзірледі

52

Урбанизацияның өсуі, қоғамдық және жеке көліктердің көбеюімен қозғалысын орталықтандырылған басқару және қала тұрғындары мен қонақтарының қозғалысы үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі туындады. Жылдам өзгеретін уақыт қалалық кеңістікті ұйымдастырудың жаңа шарттарын белгілейді.

«Щучинск қаласы мектеп-лицейінің 10 – сынып оқушысы Сұлухан Амангельды бұл жобаны бір жарым жыл бұрын әзірлей бастаған. Қаламыздағы аялдамалардың өте төмен деңгейде болғандықтан, қала тұрғындарының өмірін қиындатады. Біздің қаламыздан көптеген ауылды аймаққа жолаушылар күнделікті қатынайды. Бұл жоба жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және қоғамды көлікті күту уақытын қысқарту мақсатында әзірленді»,- деп хабарлады жетекшісі, информатика пәнінің мұгалімі Асель Габдуллина.

Оқушы қыздың айтуынша, бастапқыда басқа елдерде осындай аялдамаларын зерттеді. Бұндай аялдамалар АҚШ, Нидерланды елдерінде дамып келе жатыр екен. Әрі қарай, мұндай аялдаманы біздің ауа райына бейімдеу қалды.

«Аялдама ішінде сенсорлы автобустар картасы, автобустарды бақылайтын GPS датчиктер, автобус күту кезінде уақытты тиімді пайдалану үшін онлайн кітаптар ұсынылған. Кофе машина, телефон қуаттағыш розеткалар, бейне-камералар және автоматты түрде қосылатын кондиционер. Бұның барлығы кіші биснеске де үлкен көмек. Қаржылық жағынан өзін-өзі ақтайды»,-деп қосты Сұлухан.

Осы жобамен 10 – сынып оқушысы Сұлухан  Амангельды аудандық оқушылардың ғылыми-жарыстарына қатысып 1-орынға ие болған. Қазылар алқасы жобаны жоғары бағалап, оның пайдалылығын атап өтті.

«Сұлухан мұнымен тоқтамай, аудан әкімінің қабылдауына жазылып, өз жобасын таныстырды. Қорытындысы бойынша ақылды аялдаманы қалаға орнатуды ойластырды. Биылғы жылы жоба Щучинск қаласында қолданысқа енеді. Қала тұрғындарына көп мүмкіндік береді деген ойдамыз», - деді мектеп әкімшілігі.

Айта кету керек, жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін ескереді, бұл оның әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді.