АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ- Әлемде үш мыңнан астам адам 14,4 триллион доллар көлеміндегі байлыққа ие. Бұл дүнижүзінің ЖІӨ 13 пайызын құрайды. 1993
жылы әлем миллиардерлері әлемнің жалпы ішкі өнімінің 3 пайызын бақылайтын.
Қай елдікі болмасын әлем байлары
ұқсастықтары көп. Мысалға олардың барлығы ерлер. Сонымен бірге орта тап
өкілдеріне қарағанда салықты аз төлейді.
Бұл мәселе әлемдегі «Үлкен жиырмалықтың» шілде айында өткен басқосуында
қаралды. 25-26 шілдеде Рио-де Жанейрода өткен «Үлкен жиырмалықтың» қаржы
министрлерінің кездесіне декларация қабылданды.
Декларацияда «барлық салық төлеушілер жоғарғы табыстары мен әлеуметтік
статусына қарамастан әділ салық төлеуі керек. Салық теңдігі демократияның
негізі » делінген.
Салық түсімі көп болмаса мемлекет әлеуметтік саладағы реформаларды жүзеге
асыра алмасы белгілі. Салық әділетсіздігі біздің Қазақстанда да орын алуда.
Орта және шағын кәсіпкерлер төлеген салықты, ірі кәсіпорын иелері немесе
олигархтар азайтып төлеп отырғаны туралы мәліметтер жеткілікті.
Президент Тоқаевта елдегі 162 ірі өндіріс иелерін елдің әлеуметтік
мәселесіне араласып, салық заңдылығын сақтауға шақырғанымен нәтиже шамалы.
Миллиардтаған қаржы көлеңкелі қаржы операциялары арқылы шетелге кетіп
жатқандығы анық. Мемлекет ол қаржылардың барлығын қайтаруға қамданғанмен, «Ескі
Қазақстанның» негізгі мансапта отырған өкілдері қолдағы билікті пайдаланып
кедергі келтіріп отыр.
Соңғы екі жылда Қазақстандағы және әлемдегі салық саласы
едәуір жақсарып келеді. Әлемдік деңгейдегі миллиардерге салық төлеткізетін
құрал бар.
Тиісті құжаттар да қабылданды. Енді
осы құралды пайдалан отырып, әр елдің өкіметі жылдам әрі тиімді саясат жүргізу
арқылы ел экономикасын нығайтуға мүмкіндік алады.
Асылбек Байжұмаұлы