Жиырмасыншы миллионыншы қазақстандық дүниеге келді деп Әлем емес Қазақия елі дүр сілкінді. Құдай-ау, отыз жылда һәм отыз екі жылда Жаһанда жер жағынан алдыңғы орындардан табылатын қазақтың дәл былай қуануы да дұрыс шығар.
Бірақ неге тәуелсіздігін алып, еңсесін жазып, жаһанға танылып жатқан қазақтың саны жиырма миллион емес-қырық миллион болмайды деп ойладым да қойдым.
Ондай бақ, ондай бақыт, ондай қуанатын кезең болмады. Тәуелсіздікті алғанымен жеке бастың тәуекелдігі жібермеді. Аяқтан шалды. Бастан тұқыртты. Тобықтан тепті. Жеке басқа табынып, тәу етіп демографиялық ахуалға тақа мән бермеді. Қазақ өсіп жатыр ма, өніп жатыр ма, көбейіп жатыр ма? Дәл бұған ешкімнің «басы ауыра» қоймады, балтыры сыздамады.
Сонау Әулиеата. Тараз. Жамбыл облысынан Асан есімді ағам қоңырау шалды. Видеобайланыспен жүздестік. Жүзі жылы, кең маңдайлы азамат екен. Дүниеде анасын сыйламайтын адам кемде-кем шығар!? Жарық дүние сыйлап, туған перзенті үшін отқа да, суға да түсетін анадан артық балаға жанашыр жоқ қой.
Анасыз дүние қараң,
Анасыз дүние бұлдыр,
Анасыз дүниенің қызығы кем, сайраны аз, сейілі мұқыл.
Өзім солай ойлаймын. Анам марқұм дүние салған күні мәйітханадан мәйітін алып шыққанда көзіме жас келмеді. Ышқынып тұрдым да. Тілімді тістедім. Жоқ, өтірік айтам бір апта бұрын анам марқұм ауруханада жатқанда кабинетте отырып өз-өзіммен егіліп жыладым. Сұмдық жыладым. Шын айтам. Анам келмес сапарға кеткенде неге көзіме жас келмеді. Әлде күні бұрын жылатып алды ма екен құдіреті күшті құдекең!?
Атаңа нәлет! Дүниеде қаншама тексіздер, ессіздер, кем-кетіктер бар. Баяғыда анасын сыбап боқтаған бір нақұрысты көрдім. Көрдім де «көңілім көр» болды. Танауы делдиіп анасын боқтады. Ана деген ұлы ұғымды тәрбиесіз, санасыз ұл аяққа таптады.
Менің анам болса... Тірі болса, дүниеде көріп жүрген бейнетімді айтсам, бір сырласып, сөйлесіп алсам аздап болса да, мойнымнан жүк түскендей бір жасап қалар едім ғой деп ойладым.
Сонымен, Асекең екеуміз сүт пісірім сөйлестік.
Жамбыл жыраудың елінің азаматы. Анасы жайлы аноу дөй Министр ханымға. «Аналар орталығын» ашып алған Бәлен-Пәштуәндарға жазыпты. Анасы үш рет жарық дүниенің сәулесін алты балаға сыйлаған. Һәм үш рет егізден босанған. Алтын құрсақты асыл ана. Алланың құдіреті. Тек қазақ әйеліне тән образ. Қазақ анасына тән мінез. Қазақ әйеліне тән батылдық.
Асекең анасына Президенттен пәтер сұрамапты. Анасына қомақты қаражат сұрамапты. Бар айтқаны «Менің анамды Президент қабылдаса...» деген екі ауыз сөз жазыпты ақ жағалы, алтын кірпікті ханумдарға.
Баланың көңілі. Хұсни тілегі. Нәзира сөзі.
Анасын елдің №1-ші басшысы қабылдап анам жүздессе дейді.
Былай қарағанда біреулерге күлкілі шығар? Жоқ, мен үшін -күлкілі емес. Қайта үлгілі харекет. Алты бірдей егізді дүниеге әкелген. Сәбет үкіметінің тұсында, алты бірдей егізді қатарынан баққан, не деген батырлық. Ол кезде қазіргідей күтуші, мемлекеттен жәрдемші болмайды. Бәрін бір өзі атқарады. Өзі бағады. Өзі өсіреді... Қазіргі жас келіндерге үлкен тәрбие. Тәлім. Үлгілі іс. Оның үстіне ұлан ғайыр даласы бар қазақтың демографиялық ахуалы да мәз емес. Әншейінде
Егер, Асекеңннің орнында басқа ұлттың біреуі «Менің анам осылай да, осылай бір емес-үш мәрте жарық дүниеге егізден алты баланы әкелді» деп Министр ханымға жазса.
Жаңалық болатын еді: Бәленшеевна демографияның өсуіне дем беріп жатыр деп қоғамда кәдімгідей жар салынатын еді. Журналистер, блогерлер дымдары қалмай, ауыздарының суы құрып жазатын еді.
Айтатын еді. Жарты ғалам жар салынып, әйтеуір ырду-дырдумен Президентте қабылдап қалар ма еді!?
Райкул анамыз Мауленбайқызы Герман мен Сәбет соғысып, ел есін жинап, етегін қымтап, батыстың аптығы басылып бола бергенде қыстың басы һәм қарашада Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Абай ауылында І қарашада дүниеге келген.
Абай ауылының орта мектебіне барып, осы ауылдың мектебінде жеті жыл білім алып, 1963 жылы 10 -шы наурызда Тұрсынқұл Рапишев есімді азаматпен шаңырақ көтереді.
31 жыл Құс фаврикасында тауықшы боп жұмыс істейді.
Орда бұзар отыз жас дейді. Осы уақытта Райкул анамыз сегіз баланы дүниеге әкелген, отыз жасында.
Гүлжан үлкен қызы1966 жылғы І қаңтарда дүниеге келген,
1968 жылы 5 қарашада Нұрланы жарық дүниенің есігін ашады,
Одан кейінгісі тек егіздер;
1970 жылы жетінші наурызда Асан мен Үсен,
1972 жылы 20-шы қыркүйекте Ержан мен Нұржан,
1975 жылы төртінші қазанда Эльмира мен Гүльмирасын дүниеге әкелді.
О құдірет!.. Алтын ана!.. Аяулы ана нағыз Батырға тән ерлік емей немене? Қазіргі заманның жас келіндері қазақтың өсуіне кедергі боп отыр. Әрі кетсе мақтағанда төртеу. Төртеуі аман болса төбедегі келеді деп тұжырымдайды. Ал алтау болса «ойбай көпбалалы отбасымыз...» деп тағы да бая-шая болады.
Жалғасы бар
P.S Құрметті ағайын! Мен үшін айрықша тақырып болды. Заманға керек тақырып Райкул анамыз жайлы әлі де алдағы уақытта жазамын. Ұнаса лүпіл басып, анамызға тілекші боп пікір жаза кетіңіздер. Алты бірдей егізді дүниеге әкелген анамызға қандай тілек жазсақ та жарасымды ағайын!
Бурабайдың Жеңісі