Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Африка қалаларының жаңа билігі

51


АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ-Африка континентінде жаппай өсіп жатқан қалалар саны өңір саясатын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Соңғы 25 жылда Африкадағы қалалар саны екі есеге өсті. 2040 жылдары барлық африкалықтар қалада тұруы мүмкін деген болжам бар. Мұның басты себептері: жұмыс орындарын іздеу, климаттық өзгерістер мен соғыстан қашу.

Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Урбанизация ХХІ –ғасырда Африка континентін түгел өзгертуі мүмкін. Африка елдерінің көбі қала шетіндегі қалашықтарда ресми статуссыз, жұмыссыз кедейлікте өмір сүреді.

Мысалға, Найробидің 60 пайыз халқы заңсыз қалашықтарда өмір сүрсе де қаланың 10 пайызын ғана мекендеп отыр. Ал байлар мен көрнекті тұлғалар арнайы қорғаушыларымен ауқымды жерлерді мекендеп тұрады.

Қала тұрғындарының көбі зауыттар мен фабрикаларда емес ескі кіимдер, спортттық заттар мен тұрмыстық тауарларды сату мен немесе такси жасаумен күн көреді. Халықтың тапқан қаражатының көбі таралып жатқан ауруларын емдеуге жұмсалады. Нақты жұмыс орны жоқ урбанизация континеттің саяси-экономикалық ахуалын ушықтыруы мүмкін деген болжам бар.

Азияда өткен урбанизация  ауылшаруашылық өнімдерін мен қатаржаңа жұмыс орындарының ашылуымен және индустрализация бағдарламасының жүзеге асуы нәтижесінде жаңа жұмыс күші қажет болғандықтан жеңіл әрі тез өтті.

 Алайда Азия мен Еуропадағы авторитарлық жер рформасы нәтижесінде ауыл тұрғындарының қалаға келіп, жалдамалы жұмысқа іздеу салдарынан да орын алып жатқанын ұмытпау керек. Алайда Африка континентіндегі билік иелері өздерінің адами ресурстарын пайдаланып, ғылым мен білімді, инфрақұрылымды дамыту жолдарын қарастырудың орнына Қытай мен Вьетнамның қаражатына салынған ірі кәсіпорындарда жұмыс істеумен ғана шектеліп келеді.

 Қазір таңда Африкадағы урбанизация әлемдік деңгейдегі экономикалық және экологиялық саясатқа кесірін тигізері сөзсіз. Оның үстіне жаппай жұмыссыздық пен әлеуметтік теңсіздік өңірдің саяси ахуалына да қауіп төндіреді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік даму банкінің талабы бойынша енгізіліген көппартиялық жүйе де саяси өмірге өз кесірін тигізіп келеді. Мұндай әдісті Қазақстан билігі де қолданып келеді. Қуыршақ партияларды көрсету арқылы демократияға бет алған мемлекет ретінде көрініп, Дүнижүзілік даму банкісінен несиелер алуға мүмкіндік туғызып отыр.

 Демек посткеңестік елдер мен Африка кеңістігінде көппартиялық жүйе формальды және ақша табудың бір жолы ретінде ғана қарастырылып келеді. Кенияда жұмыссыз азаматтарды саяси авантбраға тарту арқылы билікке келіп жатса, Найробиде Майк Сонко кедей адамдарды алға ұстау арқылы өз дегеніне жетуде.

Сайлау уақытында автоцистерналар мен су әкелу, азық-түлік тарату сынды әрекеттер көп орын алады. Осыдан жақын арада Африка континентінде азаматтық қоғамның белсенділігі арта түсуі мүмкін.

Құрылып жатқан кәсіподақ мекемелері жұмыссыз адамдары шерулер мен өз құқықтарын қорғауға көбірек шақыруда. Инфрақұрылымы дамымаған қалалардың көбеюі, жұмыссыздық пен денсаулық, білім т.б әлеуметтік саланың дамымауы Африка континентінде түрлі азаматтық қақтығыстар мен саяси авантюралардың құрбанына айналдыруы мүмкін.

Асылбек Байжұмаұлы , саясаттанушы