АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ -Украина
әскері соғыстың жаңа бетін ашты. Алайда мақсаты мен жетістігі әлі белгісіз.
Мәскеу қандай әрекет жасауы мүмкін.
Курск атауы Ресей үшін ауыр тақырып. Осыдан 24 жыл бұрын Путин ел басқарған
уақытта Баренц теңізінде «Курск» су асты кемесі батып, барлық экипаж мүшелері
қаза болған еді.
Қазіргі таңдағы әлемдік баспасөздің басты жаңалығы Курск қаласы болып отыр.
Екінші дүниежүзілік соғыста неміс армиясы мен Кеңес Одағы әскерінің атақты танк
соғысы 1943 жылы осы Курскіде болып еді. «Курск-Белгород» операциясы барысында
Украина әскерлері бірқатар жетістікке жетті.
Украина Пригожиннің көтерілісін сыртынан бақылап отырып, ресми орындардың
мұндай көтерілстерге дайын емес екендігін байқаған еді. Биліктегілер ресми
мәлімдемелер жасамады. Қапыда қалған Ресей билігі «Ресей еріктілер корпусы»
тарапынан ел шекарасын бұзып кіру мүмкін деген ақпаратты біліп отырды.
Алайда алдын-ала шекараға жасалуы мүмкін шабуылды болжай отырып, нақты
қорытынды шығара алмады. Реми Мәскеу ешқандай да қауіптің жоқтығын
мәлімдегенімен, Президент Путин «контртеррористік операция» жариялауға мәжбүр
болды.
Осы уақытта Курск тұрғындары жергілікті биліктің әрекетсіздігіне налып,
тыныш жерлерге бас сауғалап көше бастады. Жергілікті билік өкілдері қалаға
келген украиндық аз ғана барлаушы топтар екенін айтудан жалығар емес.
Ақыры шекара аумағында орналасқан Кадыров әскері Қорғаныс министрлігін
кінәлап, жергілікті билік өкілдері ресми
Мәскеудің үнсіздігіне ашуланып, Малидегі ЧВК «Вагнер» тобының қалған жалдамалы
тобы оларды украин шекарасына жеткізуді талап етіп отыр. Ресей билігі алдын-ала
жоспарлағандай YouTube желісін жауып, халықты ақпараттық және әскери тұманға
орау жұмысын бастады.
Украин әскерлерінің Ресей аумағына басып кірунің мақсаты мен міндеті
басында түсініксіз болса да, тез ілгерлеп тиімді соғыс тәсілдерін пайдалануының
арқасында Мәскеу билігіне үрей туғыза
бастады. БАҚ толық цензуралап тастағандықтан Ресейдің басқа аймақтарындағы
халықтың Курск, Белгород аумағында болып жатқан қиын-кескі ұрыстардан бейхабар
және аса мән бермеуі әлеуметтік дистанцияны сақтауға мүмкіндік жасап отыр.
Тек ғана шекаралас аймақтардағы туыстарымен араласып отырғандар ғана «Соғыс
Ресейдің өзне қайтып келді» десіп, үнсіздік танытып отыр. Шекараны қорғауға
кәсіби әскерилердің жетіспеушіліген Ресей Қорғаныс министрілігі жаңадан
шақырылған, тәжірбиесіз жастарды қолына қару ұстатып жіберуге мәжбүр болып
отыр.
Бұған дейін Ресей соғысқа тек 40 жастан асқандарды ғана шақырып отырған
болатын. Себебі өрімдей жастардың қазасы аналардың әлеуметтік көтерілісінің
басталуына әкелуі мүмкін деп алаңдайды.
Жалпы алғанда, Бұл жорықтың мақсаты Путинді дипломатиялық жолмен келісімге
келуге мәжбүрлеу екенін түсінікті. Киев Ресейге басып алған жерлерді айырбастау
туралы ультиматум да қоюы мүмкін.
Алайда бірқатар сарапшылардың пікірне сүйенсек, «Путин мұндай келісімге бара қоймайды.
Ресейдің толыққанды соғысуға күші мен қауқары жеткілікті. Қазірдің өзінде
Донбасс бағытында алға жылжып келеді» дейді.
Тіпті соңғы Үкімет жиналысында Путин «Бейбіт тұрғындар мен атом
электростанцияларына» шабуыл жасайтындармен ешқандай да келісім жасалмайды» деп
кесіп айтқан болатын. Қазір нақты қорытынды жасау қиын.
Алайда Украина Ресей мен әлемге көрші елде соғыс ашып, өз елінде бейбіт
өмір сүру мүмкін емес екенін білдірді.
Қазір ең өзекті мәселенің бірі Ресей Курск-Белгород бағытында болып жатқан
шайқасқа ОДКБ мүшелерін шақыра ма? Біздің пайымдауымша әзірге ресми Мәскеу шақырмайды.
Себебі әлем алдында Ресейдің
қауқарсыз мемлекет екенін көрсетіп алудан қорқатын Путин салқынқандылық
танытып, өз күшімен қиындықтан шығудың жолын қарастырып жатқаны ақиқат.
Көп жағдайда Путин АҚШ-та қараша айында өтетін Президент сайлауына үміт артып,
Трамптың билікке келуін көксеп отыр. Мұндай жағдайда АҚШ Украинаны қолдау
саясатын тоқтатып, Ресейдің жеңіске жетуіне мүмкіндік жасауы мүмкін деген
қауесет бар. Ал Харрис ханым жеңіске жетсе Ресей-Украина соғысы ұзаққа созылуы
мүмкін және Ресейдің саяси-экономикалық, әскери-қорғаныс салалары әбден
әлсіреуі ғажап емес.
Бәрін уақыт көрсетеді.
Асылбек Байжұмаұлы, саясаттанушы