Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қайрат Сатыбалдыұлының жазасы өзгертілді.

144

Қайрат Сатыбалдыұлының жазасы өзгертілді. Ол түрмеден ерте шығатын болды. Бас бостандығынан айыру орнындағы мерзім бостандықты шектеуге ауыстырылды.

Өскемен қаласының №2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қарады.

Сот үкімімен Сатыбалды ҚК-нің 28-бабы 3-бөлігімен, 189-баптың 4-бөлігі 2) тармағы (сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру), 28-баптың 3-бөлігі, 195-баптың 2-тармағы (ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру) бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Өз өтінішінде ол келтірілген залалды өтегенін, сондай-ақ мемлекетке 700 миллиард теңгеден астам ақша мен мүлікті өз еркімен бергенін мәлімдеген.

Сот оның өтінішін қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге ауыстырды. Ол пробациялық бақылауға алынады.