Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Бас имамның мас болуы шындыққа жанаспайды

385


 

АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ-Жақында әлеуметтік желіні дүрліктіріп «хит» болған әңгіменің бірі Қостанай облысы имамының мас болып ұсталуы еді. Барлық жерлерде талқыланып, түрлі азаматтар пкірілерін білдірді. Ал «тәңіршілдер» мен «атейстер» қауымы тіптен отқа май құя түсті.

Біріншіден, оның имам лауазымында болғандығы жағдайды ушықтырды. Ресми ҚМДБ тағайындалған имам лауазымында бүтін бір облыстың діни саласын басқарып отырғаны шындық. Алайда оның Бурабайда жүріп «қымыз» ішкені сыраға айналып кетуінде бір гәп бар. Екіншіден, ресми мәліметтерде «Регион» түңгі клубының қасынан өтіп бара жатқанда ұсталды дегені тіптен қызық. Ол жерде автожол болса өтпей қайда барады?

Хайп қуған өте «әділетті» ішкі істер органдарының қызметкерлері бұдан сенсация жасап өздеріне погон жұлдыздарын таққысы келді ме? Мұндай әрекеттері арқылы исі қазақ мұсылманға, Ислам дініне кір келтіретін әрекеттер жасағанын түсінді ме? Қандай да жағдай болмасын бұл істің артында бір шикілік бар. Имам мырза өзінің ішкенін сотта мойындамады. «Қымызды» көрмей, «сыраға» айналдыратын советтік апаратпен жұмыс істейтін емханада шара да жоқ. Тіпті еш дәлелдері болмаса да қасында қыз болған деген қауесет тарап та үлгерді.

ҚМДБ имамды жұмыстан шығарумен шектелді. Ал тәрбие, иманы жұмысқа жауапты басшылары неге жазаға тартылмайды? Мысалы бас мүфтидің орынбасарлары, аппарат басшысы дегендей...

Дегенмен елді дүрліктерген оқиға ҚМДБ беделіне және имам жігіттің отбасы, туыстары үшін үлкен психологиялық соққы болғаны ақиқат.

Іздесеі таппайтын полицейлердің әрекетін қоғам «дұрыс» деп бағалап жатқан жоқ. Заң бәрне бірдей болғанмен, әр нәрсеге ар-ұжданмен, обьективті, адал қарау керек екенін «Әділетті Қазақстан» құрамыз деп жүргендер түсінер емес.