Олимпиаданы ұйымдастырушылар Париждегі ашылу рәсімінде
Оңтүстік Корея спортшылары Солтүстік Корея спортшылары ретінде таныстырды.
Жалауларын
желбіретіп Оңтүстік Корея командасы Сена бойымен жүзіп келе жатқанда, француз
және ағылшын тілдеріндегі дикторлар оларды Солтүстік Кореяның ресми атауы -
«Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы» деп таныстырды.
Дәл осы атау
Солтүстік Корея делегациясы өтіп бара жатқанда дұрыс пайдаланылды.
Екі Корея Екінші
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бөлінді және соңғы кездері мемлекеттер
арасындағы шиеленіс одан да ушығып келеді.
Оңтүстік Кореяның
Спорт министрлігі осы қателікке байланысты «Францияға үкіметтік деңгейде шағым
беруді» жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Министрлік өз мәлімдемесінде "... онда оңтүстік
кореялық делегация солтүстік кореялық команда ретінде таныстырылды ". Мәлімдемеде
сондай-ақ ауыр атлетикадан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы, спорт министрінің
екінші орынбасары Чан Ми Ран Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен
кездесуді талап еткені айтылған.
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзінің Кореялық ресми аккаунтында: «Біз оңтүстік
кореялық делегацияның Парижде өткен
таныстырылу барысында жасалған қателік үшін кешірім сұраймыз» деп мәлімдеді.
Айта кетерлігі, биыл
ресми түрде Корея Республикасы деп аталатын Оңтүстік Кореяның олимпиадалық
құрамасына 21 спорт түрінен 143 спортшы кірді.
Солтүстік Корея 16 спортшыны жіберді. Бұлар Рио-2016-дан кейінгі ойындарға алғаш
рет қатысуда.
Еліміздің
әнұранын шатастырып жатқан талай сәттерде Қазақстан билігі үнсіз қалушы еді.
Намысы бар ел деген осы олу керек.