Басқаға өлім жазасын қолдануға тиым салған АҚШ өздері енгізіп алды

53

Munarmedia.kz 27.04.2026/Astana/ — АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілдерінің бірі ретінде ату әдісінің қайта енгізілуі қоғамда қызу пікірталас тудырды.

АҚШ Әділет министрлігі өлім жазасын жүзеге асыру тетіктерінің қатарына ату тәсілін қайта қосқанын ресми түрде жариялады. Бұл шешім халықаралық қауымдастық тарапынан айтарлықтай реакция туғызбағаны байқалады.

Сарапшылардың айтуынша, бұған дейін Қырғызстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру қылмыстары үшін өлім жазасын қайтару мәселесі талқыланғанда, халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар тарапынан қатаң сын айтылған еді. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы және бірқатар құқық қорғау институттары бұл бастамаға алаңдаушылық білдірген.

Қазіргі таңда АҚШ-та өлім жазасы түрлі тәсілдермен, соның ішінде инъекция және электр тогы арқылы жүзеге асырылады. Енді бұл қатарға ату әдісінің қайта енгізілуі қосылып отыр.

Сарапшылар халықаралық саясатта «қос стандарттар» мәселесі жиі көтерілетінін атап өтеді. Олардың пікірінше, кейбір мемлекеттердің шешімдеріне жұмсақ қаралып, ал басқа елдерге қатысты сын күшейтілуі осындай көзқарастардың қалыптасуына себеп болады.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінде ауыр қылмыстарға қатысты жаза түрлерін қатаңдату мәселесі қоғамда әлі де талқыланып келеді.

#Munarmedia #Астана #АҚШ #Қырғызстан #ӨлімЖазасы #ХалықаралықСаясат #ҚосСтандарт