Олар еврей билігінің Газа секторындағы басқыншылық әрекеттерін қатаң сынға алды. Бұдан бөлек, Еуропа елдері соғысты тоқтатпаса Израильге ірі көлемдегі санкциялар салатынын ескертті.
Ұлыбритания Тель-Авивпен жаңадан сауда келісімін жүргізуден бас тартты. Осылайша, ұзақ жылдарға созылған екі ел арасындағы еркін сауда айналымын уақытша үзді.
Канада, Испания, Франция және өзге де мемлекеттер Биньямин Нетаньяхудың анклавтағы әскери операциясын “жауыздық” деп сынға алды. Еуроодақ атынан бас дипломат Каджа Каллас Израильмен серіктестік келісімін тоқтатуы мүмкін екенін хабарлады.
Айта кетейік, 2 жылға созылған соғыста еврей билігі қан-төгістің басты мақсаты лаңкестердің көзін жою деп келген. Енді, олар Газа секторын толық басып алуды қалайтындарын ресми түрде мәлімдеп отыр.
Батыс елдері Израильге қарсы шықты.
