Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ердоған жаңа конституция қабылдауды ұсынды

84



Түркияда елдің жаңа конституциясын қабылдау мәселесі қайтадан көтеріліп жатыр. Ұсынысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған енгізді.

Оның айтуынша 20 жыл бұрын қабылданған ата заң бүгінде өз құндылығын жоғалтқан. Ескірген конституция қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Сондықтан, оның жаңа нұсқасын әзірлеу қажеттігін айтты.

Сарапшылардың пайымынша, Түркия президентінің бұл бастамасы елдің негізгі заңын жаңарту ниетімен ғана емес, саяси есептермен де байланысты болуы мүмкін. Мәселен, қазіргі конституцияда президенттік мандат тек екі рет ғана беріледі. Ал, Ердоған бұл қызметті екінші рет атқарып отыр. Сондықтан, ол ресми түрде сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін жолдарды қарастыруда дейді мамандар.

Ал, 2027 жылдың күзінде елде кезектен тыс президенттік сайлау өтуі мүмкін деген болжам бар.