Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Баяжума Асылбек. Аршалыда Жұмабек Тәшеневке ас берілді

203


20 наурыз атақты мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туған күні екені белгілі. Осыған байланысты еліміздің бірқатар қалаларында ірі іс-шаралар атап өтілді. Соның ішінде аудан белсенділерінің бастамасымен және әкімдіктің қолдауымен Жұмабек Ахметұлының кіндік қаны тамған жері Ақмола облысының Аршалы ауданында өтті.


Ауыл белсенділерінің ұйымдастыруымен Жұмабек Тәшеневтің туған жері Танакөл ауылына белгітас орнатылған болатын. Жұмабек Ахметұлының өмірге келген күнінде ауданның белігілі азаматтары белгітасқа құран оқытса, аудандық Жұмабек Тәшеневтың есімі берілген қазақ орта мектебінде ауқымды шара аталып өтті.


Сонымен қатар Қарағандыда қаласында Жұмабек Тәшеневтің есімі берілген мектептер директорларының қатысуымен мәдение шара да өткені белгілі. Сол күні кешке аудан орталығындағы «Нұралы би» мешітінде Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтың рухына арналып ас берілді.


Қазақ елінің мақтанышы Жұмабек Ахметұлы – қазақ тарихындағы шоқтығы биік мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның қазіргі елордаға жақын жердегі Ақмола облысы Аршалы ауданы Танакөл ауылында дүниеге келген. Кейбір деректерде туған жері Бабатай стансасы деп көрсетіледі [1, 309 б.]. Ж.А. Тәшеневтің арғы ата-бабалары да осы өңірді ежелден қоныс қылған. Орта дәулетті отбасында дүниеге келген.

Әкесі Жақсыбаев Тәшен мен шешесі Гүлсім шағын шаруашылық иелері еді. 1917-1924 жылдары әкесі іргелес орналасқан Мартыновка поселкісінде әртүрлі жұмыстар атқарып, 1931 жылы аурудан қайтыс болады. Тәшен мен Гүлсімнің Қасым (жастай шетінеген), Қасен, Манап, Жұмабек, Бидан (Бибінұр), Сақыш (Сақыпжамал) есімді балалары болған. Танакөл ауылында (№ 7 ауыл) 1915 жылғы 20 наурызда дүниеге келгенін «Жұмабек Ташенов» монографиясының авторлары Сейітқали Дүйсен және Қанат Еңсенов анықтады [2, 22 б.]. Бабатай кентіне тақау жатқан Танакөл ауылы 1930-жылдардағы колхоздарды біріктіру және ірілендіру кезінде мүлде таратылады.

Келесі мәселе – Жұмабектің неге Ахметұлы болып жазылуы туралы. Тәшеневтердің жақын туысы Дәметкен жеңгейдің айтуынша, қазақтардың ежелгі туыстық дәстүрі бойынша Жұмабек пен Манапты Тәшеннің кіші інісі Ахметке балалары етіп асырауға берген. Сол себепті Жұмабек пен Манап Ахметұлы деп жазылған.

Қазақ қоғамында туыстық байланыстар желісі үзілмес үшін балаларын аға-інісі немесе қарындасына бала етіп асырауға беру оқиғалары бұрыңғы уақыттан қазірге дейін жалғасын тауып отыр. Кейде жақын туыстар қиын жағдайға душар болып, баласыз қалғанда беретін болған.

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Тәшеневтер отбасындағы ауыр жағдай жас Жұмабекті мойытпай шыңдай түсті. Осы кезеңде өлкеде Кеңес өкіметін жақтаушылар мен қарсыластары арасында бітіспес саяси күрес жүргенін ескерген жөн.


Сонымен бірге көне заманнан бері ұлттық дәстүрге негізделген зиялы өмір де қалыптасты. Өткен замандардағы жарқын оқиғалар, Қазақ мемлекеттігінің «алтын ғасыры», ел қорғаған даңқты батырлары жайлы аңыз-әңгімелер әр отбасыда әкеден балаға беріліп отырды.

Қазақтар ата-бабалар даңқын өздерінің ауызша тарихы ретінде қабылдап, «жасампаз және әділ марксизм-ленинизм ілімін» мысқылмен және сенімсіздікпен қабылдады. Өлкеде «коммунистік қоғам» құрудың утопиялығын дәлелдегендей ұжымдастыру саясаты мен қоғамның белсенді мүшелерін жою әрекеті жүріп жатты [7]. Адамдардың аштан қырылуы, қоныс аударуы, халықтың жаппай наразылығы, басқаша ойлайтындарды саяси қуғындау жас Жұмабектің көз алдында өтіп, оның қоғам туралы көзқарасына, жан дүниесіне әсер етті.


Адам болмысының заңдылығын терең танып-білу оның өмірлік тәжірибесін молайтып, берік мінез-құлқын қалыптастырды. Осылайша өмір мектебінен өткен ол 1928 жылы комсомол жастарының қатарына қабылданды.

Жұмабек Ахметұлы өзінің өмірбаянында 1928-1940 жылдары комсомол мүшесі болғанын көрсетеді. Кеңестік заманда комсомол ұйымы партияның қолқанаты саналатын. Комсомол мүшесі партия қандай жұмысқа жіберсе сонда баруға міндетті болды. Жас Жұмабек Ақмоладағы жастар ұйымының жұмысына қатысып, қала жастары арасындағы қоғамдық-саяси жұмыстарды жүргізуде ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді.



(1962). Ақмола құрылыстехникумын (1932), КОКП ОК жанындағыжоғары партия мектебін (1955) бітірген. 1934–1939жылдары Бейнетқор ауданатқарукомитетініңхатшысы, аудан жербөлімінің меңгерушісі, 1939 – 1943 жылдары Ақмолаоблысы жер бөлімі бастығының орынбасары, 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысыатқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952) болды. 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.

1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.(Википедия ашық энцклопедиясынан алынды).

Жер мен ел үшін күрескен ұлы тұлға

Журналист, ғалым Ахметұлы Бейсеннің Abai.kz ақпараттық порталына берген Жұмабек Тәшенев туралы мақаласында:

«Тәшенев республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды.

Жұмабектің атамыздың ең көп айтылатын ерлігі: Қазақ жерінің талан-таржыға салуға қарсы күресі.

Бірінші, 1950-1956 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан Облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын өзбекстанға беруге қарсылық. 1950  жылдары Кеңес Одағының басшысы Хрущевтің қолдауымен орыс шовенистері қазақстанды паршалау арқылы, қазақтан келетін қауыптың алдын алуды жоспарлады. Ал Өзбектер өзіне күндес, бәсекелес есептейтін қойдан қоңыр қазақтың жерін тартып алуды орыстардың қолымен, атап айтқанда Никита Хрущевтің қолымен жасады.

 Қай кезде де орыстар өздеріне келетін қауыпты ең алдымен қазақтан іздейтін. Орыстар бірнеше  түрлі саяси мақсаттағы жобаны ойлап, тауып жоспарлады. Тіпті, өздерінің сенімді адамдары арқылы Хрущевке мақұлдатты. Міне соның біріншісі, Бостандық ауданын Өзбекстанға қосу жоспары болатын. Өзбектердің көрсеткен себебінде, бұл аудандарға қазақтар өзбекстан арқылы өтетіндігі мен Тәшкентке жақындығы айтылып, оның үстіне  мақта мол шығатын аудандары бір басшылыққа жинап, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы етукерек деп көрсетілді.

Сол арқылы қазағы көп оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосу арқылы қазақтың күшін әлсіретуді көздеді.

Міне дәл сол кезде, 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы қызметін атқаратын Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, осы мәселе бойынша арнаулы комиссия құрды. Комисся шешімі бойынша: “Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз” деген шешім шығарады.

Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Л.Брежнев басқарған ОК комиссияның қорытындысына қарсы келмеді. Қайта қолдау білдіріп, “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды. Өкініштісі, Москва өз шешімдерін өзгертпеді. Осылайша қасиетті қазақ жері Өзбектерге беріліп кетті. Тіптен кейін өзбектер осы тәсілмен Мақтарал ауданын, Түркістан, Бағыс ауылдарын иемденіп кетті. Ал қазақтың салақ басшылары бұл мәселеде салғырттық істеп, өзбектерге көмектесті. Деседе Қазақтардың тепкінді қарсылығы Москваны ойландырып тастады.

Екінші, Солтүстік облыстарды, Тың өлкесін Ресейге қосуды тоқтатты. Академик Б. Ермұқанов «Сіз бізге қарсы емессіз, сіз өз күйіңізді күйттейсіз» деген мақаласында мынадай мысал келтіреді: ғұндардың ұлы мемлекетінің іргесін қалаушы Модэге (б. з. д. 209 ж.) дұшпандар келіп, одан сәйгүлік арғымағын беруді талап етіп, сонан соң ғұндардың аса сүйікті әйелдерінің біреуін алып кетуін емеурінмен білдіреді, ол сұрағандарын береді. Ал олар жердің бір бөлігін алғысы келгенде, ол ашуға булығып: «Жер — мемлекеттің тұғыры, оны қалай беремін?», — дейді.

 Ол өзіне жерді беру жөнінде кеңес айтқандардың бәрінің бастарын шауып, жауларға тарпа бас салып, оларды талқандаған. Одан әрі мақала авторы мына жәйтке назар аудартады: «… 60-шы жылдардың бас кезінде КОКП генсек Никита Хрущев Қазақстанның бес облысы (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді.

Бағымызға қарай, осы сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенев батыл қарсы шықты. Ақыры Одақ басшысының бұл даурықпа дәмегөйлік пиғылы жүзеге аспай қалды».

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан Облысының зеинеткері, Рүстем УӘЙІСОВ өзінің «АЛАШТЫҢ АСЫЛ ПЕРЗЕНТІ Жұмабек Тәшеновтің есімі – жадымызда» атты мақаласында былай дейді: «Бірақ Жұмекең ата-мекенді саудаға салуға, сөйтіп қазақ халқының алдында ауыр күнәға батуға әсте бармады, бірінші хатшының ілтипат көрсетіп, асты-үстіне түскенінен бойын ала қашты. Республика басшыларының бәрі дерлік Тың өлкесін РСФСР-ға беруге де, орталыққа тура бағындыруға да қарсы болмады.

Тек баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп, сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының атамекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов.

Нақтылап айтсақ, Н.Хрущев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бюро мүшелерін түгел Мәскеуге шақырып, Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты Ресейге қосу туралы мәселені талқыға салған. Сонда Ж.Тәшенов тұрып: “Я родом из Акмолинска. Двенадцать лет работал в Северо-Казахстанской области. Мои родители и их родители, да и все наши предки покоятся на этой земле. И вы теперь хотите эту землю передать России? Вдумайтесь, товарищи, какой казах с этим согласится?.. Я, например, категорически против постановки данного вопроса!..” – деп тойтарыс берген... Осы бірауыз тарихи сөз Қазақстанның солтүстік аудандарын Ресей құрамына өтіп кетуден сақтап қалғаны айна-қатесіз ақиқат».

Марқұмның бұндай ерліктерін тізіп жаза берсек, әлде неше том романдар болатыны сөзсіз.

 

Аршалы ауданына Тәшеновтың есімі лайық!

Қасиетті Сарыарқаның төсінде асқақ Астанамыз бой көтеріп, көк туымыздың желбірегенін көрген әр қазақ үшін Жұмабек атамызды еске алу парыз! Жұмабек міне осы өлкенің тумасы. Астана қаласынан Қарағанды қаласына қатынайтын тас жолдың бойында, Астанадан 25км қашықтықта батырдың туылған жері Бабатай ауылы тұр. Өз кезінде осы топырақтың нәрін еміп, бабаларының аманатын арқалап өскен азамат Тәуелсіздіктің ақ таңын көре алмады, өзі шыр-пыр болып қорғаған қасиетті Ақмола жерінде Астандай алып шаһардың бой көтергенін де көре алмады. Бірақ, ұрпақтары көрді.

Жұмабек атамыз өзінің саясаткерлігі мен шешендігі, салауаттылығы мен салмағы арқылы қазақ жерінің тұтастығы үшін күресті. Мәнсап пен пенделік нәпсіге құл болудан ада болды, жалтақтаған жағымпаз тұлғалардың алдында өзінің ар-намысының биіктігі мен ата-баба аманатына адалдығы арқылы биктігін көрсетті. Жерге қорған, елге тұтқа болды.

Қазақстанның осындай кең-байтақ жеріне ие болуына өлшеусіз еңбек еткен ұлы тұлғаға бір ауылдың, тіпті мектептің де аты берілмеуі – жүректі мұңайтып, жұртты қынжылтады.  Тіптен бір мектеп, ауыл емес аудан, облыстың атын Тәшеновтай атамыздың атына берсек те сол еңбегі өтелмес. Ата-бабамыздан келе жатқан: «Өз ұлтының ұлыларын ұлықтамау, ол – сатқындықтың сатқындығы» - деген аталы сөзін еске алғанда намыстанамыз» делінген.