Баяжума Асылбек. Мигранттарға қысым: Мәскеу мен Орта Азия қатынасын өзгерте ме?

43


Ресейде мигранттарға қарсы ұрандар күннен күнге күшейіп келеді. Ал Орталық Азиядағы халықтың жүрегінде мұндай әрекеттерге деген наразылық бұрыннан бар еді. Бакин мысалы көрсетті — мигранттар туралы сөз тек айтылып қоймай, нақты іске  айналуы да мүмкін екен.

Антимигранттық кампания Ресейдің сыртқы саясатына да үлкен әсер етіп жатыр. Бұрын Мәскеумен қарым-қатынастар Орталық Азия елдері үшін ― дипломатиялық сөздер мен көрініс қана болса, енді ол қатынас қайта қаралуда. Мәскеу ұзақ уақыт бұл мәселені басып келсе соңғы жылдары тізгіндібосатып жіберген сияқты. Бірақ Мәскеуді қоршаған көршілерінің .ні басым шығып, сенсізде күн көре аламыз деген сыңайлы дауыстар да шығып келеді. Мүның бірнеше факторлары бар.

  • Қоғамдағы қысым мен қорқыныш. 2024 жылы «Крокус Сити Холлда» болған теракттен кейін Ресейдегі мигранттарға қатысты бақылау, рейдтер, тексерулер күрт көбейді. Мектептерде, базарларда, жатақханаларда – күнделікті іс болып кетті.

  • Заңдар қатайып келеді. Ресей депутаттары мен жергілікті билік мигранттардың құқықтарын шектеу үшін жаңа заңдар шығарып жатыр: кейбір кәсіп түрлері жабық, мектепке қабылдауда тілдік немесе басқа да талаптар қою, биометриялық деректер жинау басталды.

  • Айтып жүрген уәждер. Мигранттар көбінесе қылмыс пен әлеуметтік жүйелерге салмақ болып, ұлттық дәстүрлерге сай емес деп айыпталады. Бірақ статистика осы сөздерді толық растамайды — қылмыс көрсеткіші төмен, негізінен жүйелік азаматтардың бейімделу  проблемалар жиі көзге түседі.

Бұрын  мигранттарға қарсы дауыс  аз естілетін болса, қазір парламенттер, президенттер, қоғамдық ұйымдар ашық айта бастады. Оның дәлелі әр мемлекеттің өз азаматтарын қорғау мақсатындағы құқықтық шаралар қабылдауны жиіледі.

  • Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда мигранттармен болған жаппай оқиғаларға жауап беруді сұрап, Ресейге ресми талаптар жолданды.

  • Қазақстанда да мигранттардың құқықтық жағдайын жақсарту туралы сөз көп

Мысалы, Қырғызстан банядағы оқиғадан кейін Ресейдегі қызметкерлерге жауапкершілік жүктеді.  Өзбекстанда таксистті қорлаған оқиғаға байланысты әділ тергеу жүргізуді талап етті,.Тәжікстан азаматтарының құқықтарының қорғалмауын айыптай бастады.

  • Ресей үшін мигранттар ― кейбір салаларда жұмыс күшінің маңызды бөлігі. Құрылыс, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы және басқа салада мигрантсыз жұмыс тоқтап қалуы мүмкін.

  • Бірақ сол уақытта қоғамдық пікір, ұлтшылдық сезімдері, ұлттық қауіпсіздік секілді ұғымдар ресейлік саясатта негізгі тақырыпқа айналып отыр.

  •  Билік үшін мигранттарды «қоғамдық мәселе» ретінде көрсету өз тұрғындарын тыныштандыру, ішкі наразылықты басқа салаға  назарын аудару үшін қолданылатын құрал болуы мүмкін.

  • Сенімнің азаюы. Орталық Азия мемлекеттері Ресейге деген сенімін қайта қарамауы мүмкін. Азаматтары үшін әділдік пен құқықтық қорғау маңызды болған сайын, «сөз бен іс арасындағы айырмашылық» көбірек сезіледі.

  • Тәуелділікті азайту. Еңбек миграциясы, ақша аударымдары, транзит, тауар тасымалы — бұлар бұрын Ресейге тәуелділіктің басты себептері. Қазір Орталық Азия Еуропа, Азия, Таяу Шығыс елдері жаңа нарықтар іздеуде.

  • Сыртқы саясаттағы теңдікке ұмтылыс. Орта Азия елдер тек көрші болумен шектелмей, өз азаматтарының құқықтарын қорғау үшін ашық сөйлей бастады. Бұл – дипломатиялық сауаттылықтың өсуі.

Мигрантофобия — бұл тек ғаламдық  проблема емес. Ол саясаттың, сенім мен адам құқықтарының, мемлекетаралық қатынастардың да сынағы. Ресейдегі мигранттарға жасалған қаралау шарасы ортақ аймақ үшін үлкен сабақ болып жатыр.

Орталық Азия елдері бүгін таңдауы бар екендігін түсіне бастады: үндемей отыра беру керек пе?, әлде заң аясында, абырой үшін әрекет ету ме. Бакин мысалы – батыл таңдау үлгісі болды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан – қазір таңдау сәтінде тұр.

Егер мемлекет абыройлы болғысы келсе, азаматтың адамдық құқығын қорғау, шынайы сөз бен істің арасындағы алшақтықты қысқарту – сол басты міндет.Әр мемлекет үшін өз азаматтары құнды. Қай мемлекетте жүрсе де әр мемлекет өз азаматтарын қолдап, қорғауы тиіс. Ресейдегі мигранттарға қарсы әрекеттер мемлекеттің экономикасына да кері әсерін тигізуде. Украинадағы басқыншылық соңыстан Ресейге келіп жатқан елдің назарын аудартып, ұлтшылдықты үдетіп, мигрантарға шабуыл жасап "Русская община" сынды ұйымдар арқылы халықты дүрліктіру идеология және саясат. Ресей өздеріне экономикалық жағынан тәуелді Қырғыз, Өзбек, Тәжік мемлекеттерін әлсіз санап сол елдерден келіп, еңбек етіп жүрген азаматтарға ғана қысым көрсетуде. Неге Ресей Қытай, АҚШ тағы басқа Еуропалық азаматтарға да қысым жасамайды? Бұл әрекеттері Орта Азия мемлекеттерінің Ресейге өкпе ренішінің асқынуына әкеліп соғуда. Сондықтан да Орта Азия елдерінің азаматтары Еуропадан еңбек нарығын іздеуде. Нәтижесінде болашақта Ресей мен Орта Азия қатынасы тек ғана дипломатиялық деңгейде ғана сақталып қалуы мүмкін.