Соңғы жылдары Ресейдің ақпараттық кеңістігінде Қазақстанға және қазақ халқына қатысты жағымсыз пікірлер мен арандатушы мәлімдемелер жиілеп барады.
Бұл құбылысты жай ғана кездейсоқ пікірталас деп қарастыру қателік болар еді.
Кейбір саясаткерлердің, пропагандистердің және ұлттық-радикал қозғалыстардың риторикасы Ресей қоғамында қазақофобиялық көзқарастардың қалыптасуына әсер етіп отыр.
Бұл үрдіс әсіресе Ресейдің посткеңестік кеңістікке қатысты империялық түсініктері әлсірей бастаған кезеңде күшейе түсті.
«Қазақстанды Ресей құрды» деген миф ресей аумағында кеңінен таратылды.
Ресейдегі қазақофобия көбіне тарихи шындықты бұрмалаудан басталады.
Соңғы жылдары ресейлік саясаткерлердің бір бөлігі Қазақстанның мемлекеттілігіне күмән келтіретін мәлімдемелер жасады.
Мәселен, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты
Вячеслав Никонов
2020 жылы телебағдарлама эфирінде «Қазақстан территориясы — Ресей мен Кеңес Одағының сыйы» деген сөз айтты.
Бұл пікір Қазақстан қоғамында үлкен наразылық туғызды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін шақырып, ресми түсініктеме талап етуге мәжбүр болды.
Ұқсас мәлімдемелерді тағы бір депутат —Евгений Фёдоровта бірнеше рет қайталап, Қазақстанды «тарихи тұрғыда Ресейдің бір бөлігі» деп сипаттаған.
Бұл сөздер тек саяси пікір емес. Бұл — көрші елдің егемендігін күмәнға салатын империялық ревизионизмнің көрінісі.
Бұл тұрғыда Сочиде өткен жиында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Путиннің көзінше Ресей пропагандашыларының аузына құм құйып, үлкен саяси сигнал берген еді.
Осымен тоқтамай десек енді ұсақ-түйек шибөрілер қасқыр қазақты қайта-қайта тістелеп тыныштық бермей жүр.
Бұл әумесерлер қаншама санкцияның ортасында отырып Орта Азия елдері арқылы аман отырғанын қаперіне де алмайды-ау.
Оған өзім 2022 жылы Петерблрда болғанда көзім жеткен.
Ол бөлек әңгіме...
Қазақстанға қатысты агрессивті риторика ресейлік телепропагандада, әлемжеліде жиі байқалады.
Ресейлік тележүргізуші
Тигран Кеосаян
Қазақстанның тіл саясатына байланысты бірнеше рет қорқыту сипатындағы мәлімдемелер жасаған.
2022 жылы ол Қазақстан билігіне «Украинаның жолын қайталамаңдар» деген мазмұнда ескерту жасады.
Ақыры өліп тынды.
Сол сияқты ресейлік пропагандист
Владимир Соловьёв
өз бағдарламаларында Қазақстанды жиі сынап, ел ішінде «русофобия өршіп бара жатыр» деген тезисті тұрақты түрде қайталайды.
Алайда мұндай айыптаулар көбіне нақты дәлелдерге емес, саяси пропагандаға негізделеді.
«Русская община» және ұлттық радикализмнің ошағына айналды.
Ресейдегі қазақофобиялық сөздері әлемжеліде толып жүр.
Кеше де осы радикалды топтың жетекшісі айтқан дәлелсіз әңгіме қазақстандықтардың ашуына тиді.
Біз өзімізді сынап, мінер іштен қырық пышақ боп жүрсек, мыналарда сырттан от қоюын қояр емес.
Қазақстанның АҚШ, Қытай, Түркия т.б Еуропа елдерімен жасап жатқан көпвекторлы саясаты мен даму жолындағы үрдісі көршінің қызғанышын оятып отыр деп есептейміз.
Жалпы көршілерде Орта Азия елдеріне дегег өшпенділік пен қызғаныш бұрыннан бар.
Елдерінде еңбек етіп жүрген өзбек, тәжік, қырғызға күн көрсетпей қойғаны аздай енді өзі жайында тыныш жатқан Қазақстанды шымшылар маза берер емес.
Әрине мұндайда эмоция емес саяси салқынқандылық керек.
Сондықтан да ел билігінің ұсақ-түйек, түкке тұрмайтындардың бықсыған әңгімесіне мән бермей отырғаны дұрыс деп есептеймін.
Алайда халықтар арасына от салатын осындай негізсіз әңгімелер ұлттар арасына сызат түсірері сөзсіз.
Сондықтан да бір-бірімізді таламай, бірлік пен берекемізді күшейтуіміз керек.
"Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деп дана Абай тегін айтпаған.
Қазаққа қазақтан басқа жанашыр жоқ.
Ел басына күн туса, итше талайтындар көп.
Қиналатын, жылайтын, құритын қазақ!
Жылаудан сақтасын.
Қуануға жазсын.
Оразаларыңыз қабыл болсын!
Баяжума Асылбек. Ресейдегі қазақофобия: империялық сана мен ақпараттық қысым