Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Баяжума Асылбек. Ресейдің мақсаты Зеленскийді кетіріп, қуыршақ режим орнатқысы келеді

149

Ресейліктер "Зеленскийді ауыстырып, қуыршақ режим орнатқысы келеді" және Украинаны "үлкен Австрияға" айналдырып, оның бейтараптығын конституциялық кепілдікпен бекітуді көздейді.  Украина 30 күндік атысты тоқтатуға келісе отырып, дипломатиялық жолмен Ресейді тығырыққа тіреді. Енді Кремль бейбітшілікке кедергі келтіруші ретінде көрініп, Трамптың ашуын тудыруы мүмкін.Мәскеудің мақсаты – Трамп әкімшілігін алдау және "Трамптың қалауын орындаған болып  іс жүзінде Ресейге Украинаға бақылау орнату саясатын жүзеге асыруды көздеп отыр. Ол мақсатты жүзеге асыру  үшін Ресей Зеленскийді өз адамына ауыстырып,  Украинаны барынша бақылауда ұстамақшы. Ресей сондай-ақ Украинаны демилитаризациялауды қалайды, алайда Киевтің еуропалық серіктестері бұл елді барынша қаруландыруға мүдделі, өйткені Украина – Ресей агрессиясына қарсы олардың бірінші қорғаныс шебі.

 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Австрия ресми түрде бейтарап мәртебесін бекітті, НАТО-ға және әскери одақтарға кіруден бас тартты. Бұл КСРО мен Батыс арасындағы келісімнің бір бөлігі болды, соның арқасында Австриядан оккупациялық әскерлер шығарылып, елдің егемендігі қалпына келтірілді.

Украинадағы соғысты бейбіт жолмен шешу 2026 жылға дейін созылуы мүмкін. Себебі, Еуропалық барлау мекемелері  Ресейдің бейбіт келіссөздердегі  талаптары жазылған құжатты қолдарына түсірді дейді, — Washington Post

 Құжат Кремль  ФСБ-ның Бесінші қызметімен тығыз байланыстағы аналитикалық орталық тарапынан әзірленген және 18 ақпанда Эр-Риядта өткен Ресей мен АҚШ келіссөздеріне бір апта қалғанда дайындалған;

1. Құжатта Трамптың 100 күн ішінде бейбітшілік орнату жоспары құжатта іске аспайды  және Украинадағы соғысты бейбіт жолмен шешу 2026 жылға дейін мүмкін емес деп жазылған;

2. Ресей Украина мәселесі бойынша АҚШ-тың ұстанымын әлсірету үшін Трамп әкімшілігі мен өзге елдер арасындағы оның ішінде Қытаймен және Еуропа елдерімен шиеленісті күшейтуі қарастырылған;

3. Егер Ресей басып алған аумақтар ресейлік жер деп танылмаса, АҚШ-та келесі президент сайлауы болса да соғыс қайта жандандыруда жазылған.

4. Құжатта Ресейдің тек басып алынған жерлердегі егемендігін мойындауды ғана емес, Украинаның солтүстік-шығысында Брянск және Белгород облыстарымен шекаралас буферлік аймақ құруды, сондай-ақ Қырым маңындағы оңтүстік украин аймақтарында демилитаризацияланған аймақ қалыптастыруды талап етуі керектігі жазылған. Бұл аймаққа Одесса облысы да кіреді;

5. Украинаға НАТО-дан бас тарту және ресейшіл партиялар қатыса алатын сайлау өткізу секілді ықтимал жеңілдіктер ұсынылғанымен, олар жеткіліксіз деп бағалау;

6 " Қазіргі Киев режимін  толық демонтаждау ";

7. Кез келген бітімгершілік күштерді келуіне қарсылық көрсету қажет екенін және украинаны батыстың ықпалын алып шығудың басты жолы деп қарастырылған. 

8. Ресей АҚШ-қа қарсы  елдерге қару жеткізуді тоқтатуға дайын, бірақ оның орнына АҚШ Украинаны қаруландыруды доғаруы тиіс;

9. Ресей келіссөздерде өз ұстанымын нығайту үшін басып алынған украин аумақтарындағы пайдалы қазбаларға АҚШ-тың қол жеткізуіне мүмкіндік беруі мүмкін;

10. Санкцияларды ішінара алып тастау арқылы Ресейді бейбіт келісімге көндіруге тырысу қабылданбайтын ұсыныс деп саналады. Құжатта: "Ресей үшін оның қандай пайдасы болатыны түсініксіз", — деп көрсетілген.

Демек көріп тұрғанымыздай Ресей үшін соғысты тоқтатудың қажеті жоқ. Себебі соғыс тоқтаған жағдайда Ресей билігі әлеуметтік проблемалармен бетпе-бет келеді. Себебі соғыстың сылтауымен қазіргі таңда ресей халқы ешқандай әлеуметтік реформалар мен жақсылықтар көріп отырған жоқ. Пропаганда машинасы "Барлығы жеңіс үшін" деген жалған ұранмен, халыққа қандай қиындықтар болса да шыдау қажеттігін түсіндіруде. Екіншіден, соғыс барысы аяқталса елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесін толық шешіп тастауға қаржылай қауқары жоқ үкіметке қарсы халық көтеріліп кетуі мүмкін. Бұл биліктен толық айырылып қалудың басты шарты екенін Кремль жақсы түсініп отыр. Сондықтан да қалайда жеңіске жету арқылы соғысты ары қарай Балтық елдеріне қарай жалғастырып кетудің амалын қарастырып отыр дейді кейбір халықаралық сарапшылар. Алайда АҚШ-тың "The Economist" журналы  жүргізген сауалнама қорытынсына сүйенсек: украиндердің 74%-ы АҚШ-тың көмегінсіз-ақ Ресейге қарсы күресуге дайын, 72%-ы Зеленскийдің іс-әрекеттерін қолдайды

▪️Сауалнамаға қатысқандардың 59%-ы Украина Ресейді соғыс алаңында жеңе алады деп сенеді, ал 21%-ы мұндай жеңіске күмәнмен қарайды;
▪️70% 18-25 жас аралығындағы ер азаматтарды әскерге шақыруға қарсы, 17% бұл бастаманы қолдайды;
▪️6% компромисс жасауға, соның ішінде аумақтық жеңілдіктерге дайын екенін білдірсе, 11% Қырым мәселесінде «келісімге» баруға болады деп санайды;
▪️72% президент Зеленскийдің іс-әрекеттерін толық немесе ішінара мақұлдайды. Ал АҚШ президенті Трамптың қызметін 46% америкалық қолдайды.
Демек, украин халқы Зеленскийді және қазріг мемлекет қауіпсіздігін сақтауға қатысты соғысты толық қолдап отыр. Тіптен соғцс аяқталған күнде украиндықтар Зеленскийдің тағы бір мерзім президенттік тақта отыруына қарсы емес деседі. Елдегі оппозициялық күштерде қазіргі таңда Зеленский туының астына бірігіуде. Үш жыл ішінде әбден тәжірбие жинақтаған украин армиясы партизандық жолмен болса да соғыса беруге қауқарлы. Трамптың өзі сайлауалды сөздерінде соғысты 24 сағатта тоқтатам деген сөзін қалжың ретінде айттым деп сөзінен бас тартып отыр. Өткенде Зеленскийді Ақүйге шақырып алып, дүйім елдің көзінше масқаралауы тек АҚШ халқы емес әлем елдерінің ашуын туғызды. Бұл әрекеттерінің саяси сауатсыздық екенін кеш түсінген Ақүй Эр-Риядта өткен келісім бойынша Ресейдің жауабын күтіп отыр. Дегенмен Трамптың жөн-жосықсыз салықтарды көтеріп, Еуропа, Қытаймен жауласуы ел экономикасына тигізер кері әсері зор болмақ. Нәтижесінде тіпті Илон Маску сынды олигархтар мен Трамп арасындағы қарым-қатынас бұзылып, импичментпен аяқталауы мүмкін деп болжауға болады. Қазірдің өзінде АҚШ халқының арасында Трамптың рейтінгісі біршама төмен түскенін байқауға болады. Ал Гренландияға әскер кіргізіп, басып алған жағдайда және Канадаға қарсы экономикалық шабуылдың барлығы да сәтсіз аяқталуы ғажап емес. Яғни АҚШ өзінің Ресей сияқты агрессорлық саясатын ашық көрсету арқылы әлемге дәріптеп жүрген демократиялық құндылықтарынан толық айырылады.