"Демократия" деген атаумен жасырылған шынайы билік
Бүгінде "демократиялық" деген айдар тағылған, әдемі атауы мен жарнамасы бар мемлекеттер, саяси партиялар, парламенттер мен қоғамдық ұйымдар әлемнің түкпір-түкпірінде пайда болуда. Алайда, өкініштісі сол, олардың шамамен 80%-ы жалған, жасанды құрылымдар. Бұл—шын демократия емес, керісінше, бетперде киген саяси ойыншылардың қулық-сұмдығы. Көптеген ықпалды мемлекеттерде "демократиялық" деп аталатын партиялар мен үкіметтер шын мәнінде "көлеңкелі биліктің" бақылауында.
АҚШ-тың Демократиялық партиясын мысалға алсақ, оның саяси бағыты мен шешімдері жасырын жұмыс істейтін олигархиялық топтардың толық ықпалында екені анық байқалады. 2024 жылғы сайлау процесі бұл тәуелділікті тағы да дәлелдеді. Барлық маңызды шешімдер барлау агенттіктерінің, Пентагонның, қаржы-банк жүйесінің, әскери-өнеркәсіп кешендерінің басшыларымен, ірі медиамагнаттармен жасырын түрде қабылданады.
Демократияның шынайы мағынасы жоғалған ба?
Осындай сыртқы ықпалға түскен демократиялық билік шынайы демократиялық қағидаттардан алыстап, қоғамда хаос, жемқорлық және саяси тұрақсыздық туғызады. Егер бұл үрдіс ушыға берсе, азаматтық соғыс, тіпті мемлекеттің тәуелсіздігінен айырылу қаупі де жоқ емес.
Соңғы жылдары түрлі саяси мақсатпен жасалған зорлық-зомбылықтар мен қастандық әрекеттер орын алып келеді. Мұндай оқиғалар әлемнің әр бұрышында болып жатыр. Оған 2024 жылғы АҚШ президенттік сайлауында болған жағдай дәлел бола алады.
Бұл сайлауда көпшіліктің дауысын алған Дональд Трампқа үш рет қастандық жасалды. Сарапшылар бұл әрекеттердің артында АҚШ-тың Демократиялық партиясы мен көлеңкелі биліктің тұрғанын айтады. Сайлауалды тартыс кезінде кандидаттар бірін-бірі "фашист", "қызыл коммунист" деп айыптап, саяси мәдениеттің құлдырауын көрсетті. Екі негізгі саяси партияның беделі айтарлықтай төмендеп, халықтың күмәні күшейе түсті. Ақырында, қарсыластарының "фашист" деп атауына қарамастан, Трамп қайтадан президент болды.
Бұл саяси дағдарыс ел ішінде үлкен дүрбелең туғызды. Кейбір азаматтар азаматтық соғыс басталып кетеді деп қауіптеніп, тіпті алдын ала дауыс беріп, елден қашып кетуге мәжбүр болды. Ішкі жағдай ушығып жатқанда, АҚШ үкіметі сыртқы саясатта басқа елдерді бақылауда ұстауға, билеп-төстеуге күш салып отыр. Мұндай мемлекетті "демократиялық" деп атауға бола ма?
АҚШ-тың 200 жылдан астам тарихы басқыншылық, тонау, отарлау, зорлық-зомбылық, ядролық қарумен қорқыту және әлемдік тұрақсыздықты тудырумен ерекшеленді. Осы уақыт ішінде бұл ел дұрыс сабақ алмай, бір қателігін екінші рет қайталап келеді.
Әлемдегі саяси тепе-теңдіктің өзгеруі
Бүгінгі таңда әлем халықтары бұл жағдайды жақсы түсіне бастады. АҚШ-тың өз ішіндегі ғалымдар мен сарапшылар да елдің шынайы бет-бейнесін танып, оны қайта қалпына келтіруге тырысып жатыр. Осындай қозғалыстардың бірі—"Американы қайтадан ұлы етейік" деген Трамптың саяси бағыты.
АҚШ халқының саны 230 миллионнан асса да, елге жоғары жалақы мен әлеуметтік жағдай үшін түрлі елдерден мамандар тартылып, технологиялық даму қарқынды жүрді. Алайда, қоғамның ішінде адамзатқа жат анархизм, моральдық азғындау, эгоизм, нәсілдік кемсітушілік секілді құбылыстар күшейіп кетті. Әр штатта моральдық құндылықтардың құлдырауы байқалып, азаматтық соғыс қаупі туралы пікірлер жиі айтыла бастады.
Америкалық мәдениет пен өркениет енді бұрынғы дәстүрлі гуманизм қағидаттарынан алшақтап барады. Демократиялық қағидаттар капиталистік элитаның құралына айналып, көптеген елдерде ұлттық мүдделерді басып-жаншуға негізделген механизмге ұласты.
Жаңа көпполярлы әлемге көшу қажеттілігі
Көптеген елдер енді АҚШ пен Батыстың ықпалынан шығуға тырысып, өздерінің ұлттық мүдделерін қорғауға бет бұрды. Ресей, Қытай, Түркия, Иран және басқа да елдер арасындағы ынтымақтастық күшейіп, әлемдік саясатта көпполярлық жүйеге көшу үрдісі қарқын алып келеді.
Бүгінгі таңда әрбір мемлекет өз ұлттық мүдделерін бірінші орынға қойып, тең құқықты халықаралық қатынастар орнатуға тиіс. Бүкіл әлем бейтарап саясатты ұстануға, бейбітшілікті жоғары бағалауға және қарулану жарысынан бас тартуға ұмтылуы керек. Әлемдік қауымдастықтың қазіргі жағдайы дәл осы бағытқа бет бұруды талап етеді.
АҚШ-тың үстемдік ету саясаты бүгінгі таңда дерлік күйреуге ұшырады. Енді әлем халықтары әділеттілікке, ұлттық дәстүрлерін құрметтеуге және өз құқықтарын толық іске асыруға бағытталған жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыруға ұмтылуда.
Батыс елдері "Сион ақсақалдарының хаттамалары", "жаңа отаршылдық", "исламофобия", "нацизм" және "милитаризм" идеологияларын қайта жаңғыртып отыр. Бұл құбылыстар демократияны бүркеніш етіп, дамушы елдерді әлсіретуге бағытталған.
АҚШ-тың және Батыстың ықпалды қаржы топтары демократияны насихаттау арқылы өздерінің экономикалық және саяси мүдделерін алға тартуда. Олар "гранттар", "тегін білім беру", "жастарды қолдау" деген желеумен өздеріне ыңғайлы кадрларды тәрбиелеп, кейін сол адамдар арқылы демократиялық ұйымдарды басқарады. Бұл өз кезегінде елдердің ішкі тұрақсыздығына, хаос пен саяси дағдарыстарға алып келеді.
Осындай факторлардың әсерінен кейбір мемлекеттер ұлттық дәстүрлері мен ерекшеліктерінен айырылып, "орманда адасқан маймылға" айналуда. Көптеген елдер Батыстың ықпалымен құлдырап, сыртқы күштердің бақылауына түсуде. Ал бұл процестің басты қозғаушы күші—"жалған демократия".
Шынайы демократия халықтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуі тиіс. Кез келген ел демократиялық өзгерістерді осы өлшем бойынша бағалап, оның шынайы нәтижелеріне назар аударуы керек.